Қапаздың бір інісі Есенбай – ауыл директоры болады. Бірақ оның жұмысы жақсы жүрмейді.
Бір күні Қапаз Есенбайдан:
– Шаруаң қалай? – деп сұрайды.
– Жақсы емес. Жақында облыстың басшысы біздің шаруашылыққа келеді. Егер ол жұмыстың нашар екенін айтып, «Бұған кім кінәлі?»-деп сұраса, мен не айтамын? Маған кеңес беріңізші,- деді Есенбай.
Қапаз:
– Өзің не деп жауап бересің? – деп сұрады.
Есенбай:
– Бір кемшілік мына адамнан болды, екінші кемшілік басқа адамнан болды, -деп, жұмыс істейтін адамдарды кінәлай бастады.
Қапаз оның жауабын ұнатпады.
– Сен директорсың. Егер бәріне басқа адамдарды кінәласаң, жұрт сені жақсы көрмейді. Оның үстіне, шаруашылықтың жұмысы да түзелмейді. Сен алдымен өз жауапкершілігіңді ойла, -деді.
Есенбай күліп:
– Қапеке, онда мені басшы қызметтен алып тастайды ғой, -деді.
Қапаз:
– Сондықтан ешкімді кінәлама. Жұмысыңды түзетуге тырыс, -деп кеңес берді.
Есенбай ағасының сөзін түсініп, оның кеңесін қабылдады.