Бір күні Байжанды анасы Жақыптың үйіне ертіп барады. Ол үйде молда бар. Байжан молдаға сабақ оқу үшін келді.
Молданың үйінде он шақты бала сабақ оқып отырды. Балалар қатты дауыстап оқып, шулап жатты.
Байжан үйге кірген кезде қатты ұялды. Басын төмен түсіріп, анасының артына тығылады. Балалардың бәрі оған қарады.
Молда Байжанның анасына:
– Жоғары шығыңыз!- деді.
Байжан молданың сөйлегеніне таңғалды. Ол молданы бұрын ерекше адам деп ойлапты. Байжанның ойынша, молда – өте білімді және адамның ойын білетін адам.
Таң жаңа атып келе жатқан. Ауылдың адамдары әлі ұйықтап жатты. Ал ауылдан сәл алыс кішкентай үйде балалар сабақ оқып отырды.
Балалардың ұйқысы келді. Олар есінеп, жай дауыспен оқиды. Кейде ұйықтап бара жатқан баланы молда қамшымен ұрып оятатын. Балалар қорқып, қайтадан қатты дауыспен оқитын.
Байжан да шаршап, ұйықтай бастайды. Ол қасындағы балаға сыбырлап сөйлеп еді, молда оның жағынан ұрып жібереді. Байжан жылағысы келеді. Бірақ молда тағы ұрады деп қорқып, қайтадан оқиды.
Біраз уақыттан кейін Байжан ұйқысын ашу үшін сыртқа шыққысы келеді. Ол молдадан: – Молдеке, шығуға бола ма?- деп сұрайды.
Молда оған:
– Жаңа келдің, отыр!- дейді.
Байжанның жылағысы келді. Ол басқа балаларға қарап, қайтадан орнына отырады.
Дереккөз
А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. - 384 б.