1955 жылдың көктемі келді. Шыңғыстай ауылында Жеңіс мерекесіне дайындық басталды. Ауыл адамдары 1 мамыр мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алды. Колхозшылар, мұғалімдер және мектеп оқушылары қолдарына қызыл ту ұстап, ауылды аралады. Олардың соңынан ауылдың балалары да ерді. Адамдар Отан, Ұлы Жеңіс және 1 мамыр туралы әндер айтты. Содан кейін бәрі ескі клубтың алдына жиналды. Ауданнан келген өкіл халық алдында сөз сөйледі. Ауыл адамдары оның сөзін мұқият тыңдады. Кейін ауыл жастары концерт көрсетті. Кешке адамдар ән айтты. Жастар айдың жарығында ұзақ сөйлесіп, көңіл көтерді. Бұл күні әр үй дастарқан жайды. Адамдар бірге отырып, тамақ ішті. Олар соғыстағы оқиғаларын еске алды. Ол кезде айтатын әңгіме өте көп еді. Нұрлан да бұл түні ұйықтамады. Алдымен ол демонстрацияға қатысты. Содан кейін өкілдің сөзін тыңдап, концерт көрді. Би басталғанда, ол терезеден сыртқа қарап тұрды. Кейін ауыл жастарының түнде жүргенін бақылап жүрді. Таңға жақын Нұрлан үйіне келіп, төсегіне жатты. Анасы оған ұрысты. Бірақ кейін үстіне шапанын жауып, маңдайынан сүйді. «Азамат болып қалды, құлыным»,-деді анасы. Нұрлан соғыс жылдарында қиындық көрді. Ол кезде балалардың өмірі де ауыр болды. Нұрлан дұрыс тамақ ішіп, жақсы киіне алмады. Ол үлкендермен бірге соғыстың ауыртпалығын көрді. Бақытына қарай, Нұрланның әкесі соғыстан аман-есен оралды. Бірақ ол соғыста жараланды. Кейде ескі жарасы қатты ауыратын. Түнде ұйықтай алмай, қиналатын. Әкесі қатты қиналған кезде Нұрлан үйден шығып кететін. Ол өзен жағасындағы кәрі теректің түбіне баратын. Бұқтырманың дауысын тыңдайтын.