Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Мынау аппақ дүние
B1 - Орта деңгей · 257 сөз

Мынау аппақ дүние

Аудио плеер
0:00 --:--
1955 жылдың көктемі келді. Шыңғыстай ауылында жеңіс мерекесіне дайындық басталып кетті. Ауыл адамдары 1 мамыр мерекесін қуана қарсы алды. Колхозшылар, мұғалімдер және мектеп оқушылары қолдарына қызыл ту ұстап, ауылды аралады. Олардың соңынан ауылдың балалары да жүрді. Тіпті иттер де еріп жүрді. Адамдар Отан, Ұлы Жеңіс және 1 мамыр туралы әндер айтты. Содан кейін ағаштан салынған ескі клубтың алдында митинг болды. Ауыл адамдары сол клубтың алдына жиналды. Ауданнан келген өкіл халық алдында сөз сөйледі. Барлығы оның сөзін мұқият тыңдады. Кейін ауыл жастары концерт көрсетті. Кешке адамдар ән шырқап, би биледі. Жастар айдың жарығында ұзақ сөйлесіп, көңіл көтерді. Бұл күні әр үйде дастарқан жайылды. Адамдар бірге отырып, тамақ ішіп, соғыс туралы әңгімелесті. Олар жауды қалай жеңгенін мақтана еске алды. Ол кезде айтатын әңгіме өте көп еді. Нұрлан да бұл түні ұйықтамады. Алдымен ол демонстрацияға қатысты. Содан кейін өкілдің сөзін тыңдап, концерт көрді. Би басталғанда, ол терезеден сыртқа қарап тұрды. Түнде ғашық жастардың жүргенін бақылады.Таңға жақын Нұрлан үйіне келіп, төсегіне жатты. Анасы оған ұрысты. Бірақ кейін үстіне шапанын жауып, маңдайынан сүйді. «Азамат болып қалды, құлыным»,-деді анасы. Нұрлан соғыс жылдарында көп қиындық көрді. Ол кездегі балалардың өмірі ауыр болды. Нұрлан дұрыс тамақ ішіп, жақсы киіне алмады. Бақытына қарай, Нұрланның әкесі соғыстан тірі оралды. Бірақ ол соғыста жараланғандықтан, жиі ауыратын. Кейде ескі жарасы қатты ауырып, түнде ұйықтай алмайтын. Әкесі қатты қиналған кезде Нұрлан үйден шығып кететін. Ол өзен жағасындағы кәрі теректің түбіне барып, Бұқтырманың дауысын тыңдайтын. Бұқтырма өзені жағалауды біртіндеп шайып жатты. Өзен Нұрланның көршісі Анна апаның үйіне де жақындап қалған еді. Ол ауылдағы жалғыз орыс еді. Бұл жағдай Нұрланды қатты уайымдататын.
О.Бөкей. 1977.