Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Құлашаның шоты еді
A1 - Қарапайым деңгей · 164 сөз

Құлашаның шоты еді

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын Қатынқарағайда Құлаша деген қарт адам өмір сүрді. Оның отбасы да, малы да болмады. Ол ауылдарды жаяу аралады. Адамдардан көмек сұрады. Құлашаның сөмкесі мен таяғы болды. Сөмкесінде пышақ, ыдыс, ине, біз, жіп және шот болды. Ол жалғыз өмір сүрді. Бір күні кешке апам екеуіміз үйде отырдық. Бір кезде есіктен «Ассалау...» деген дауыс естілді. Апам маған шам жақ деді. Содан кейін жертөленің қақпағын жабуға жіберді. Мен жертөлеге қарадым. Ішінде сақалды қарт адам жатыр. Мен қатты қорықтым. Апамды шақырдым. Апам жертөлеге қарап: – Құдай-ау, бұл Құлаша ғой! Тірі ме өзі?- деді. Құлаша қозғалып: – Мен өлген жоқпын. Мені шығарыңдар. Денем ауырып тұр, -деді. Апам оны жертөледен шығарды. Құлаша үйге кірді және амандасты. Сөйтсек, ол есіктен кіргенде амандасқысы келген. Бірақ жертөленің қақпағы ашық еді. Ол жертөлеге құлаған. Біз оны бірден байқамадық. Ол кезде біздің үйде Күләми деген қыз болды. Ол да ауырып жатты. Құлаша оның дауысын естіді. – Күләмиді ұшықтау керек,-деді ол. Апам: – Сіз жақсы келдіңіз. Сіз Қыдыр адамсыз. Ораза ұстайсыз, намаз оқисыз. Күләмиге дем салыңыз,-деді.
О.Бөкей. Шығармалары. 4-том. Әңгімелер. – Алматы: «Ел шежіре», 2013. -384 б.