Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
50 жастың қадірі
B1 - Орта деңгей · 171 сөз

50 жастың қадірі

Аудио плеер
0:00 --:--
Мамыр аға жездесінің 50 жасқа толған мерейтойына қатысу үшін пойызбен Астанаға келе жатты. Ол купеде жасы жасы үлкен қариямен бірге отырды. Бір кезде қария: – 50 жас та тойлайтын жас па? – деп күліп қойды. Бұл сөз Мамыр ағаға ұнамады. Ол біраз ойланып: – Ата, өзіңіз неше жастасыз? – деп сұрады. – Сен айтып отырған 50 жастан асып кетттім, жетпіс бестемін, -деді қария. Сонда Мамыр аға: – Елу жасқа жетудің өзі үлкен қуаныш. Өйткені өмірде көптеген адамдар бұл жасқа жете алмады, – деді. Ол қазақтың белгілі тұлғаларын мысалға келтірді. Ғалым Шоқан Уәлиханов 30 жасқа жетпей өмірден өтті. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та 30 жасқа толмады. Ақын Төлеген Айбергенов отыздың шамасында қайтыс болды. Ал Мұқағали Мақатаев 45 жасында дүниеден өтті. Мамыр аға ел басынан өткен қиын кезеңдерде қаза болған адамдарды да еске алды. Ашаршылықта, қуғын-сүргін жылдарында және соғыста қаншама адам қайтыс болды. – Сондықтан 50 жасқа жету – әркімге бұйыра бермейтін үлкен мүмкіндік. Адам өзінің жасын бағалап, өміріне шүкіршілік етуі керек,-деді ол. Қария Мамыр ағаның сөздеріне қатты ренжіді. Біраздан соң купеден шыға жөнелді.
Ұ.Нұрғалымұлы.