Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
50 жастың қадірі
B2 - Ортадан жоғары · 178 сөз

50 жастың қадірі

Аудио плеер
0:00 --:--
Мамыр аға жездесінің 50 жасқа толған мерейтойына қатысу үшін пойызбен Астанаға жол тартады. Купеде онымен бірге жасы жетпіске жақындаған бір қария отырады. Әңгіме арасында қария: – Е, 50 жас деген де тойлайтын жас па еді? – деп кекесінмен күледі. Мамыр аға бұл сөзді бірден қабылдамай, қарияның өз жасын сұрайды. – Ата, өзіңіз қанша жасқа келдіңіз? Қария: – Мен ол жастан асып кеткеніме ширек ғасыр болды, – деп мақтанышпен жауап береді. Сонда Мамыр аға елу жасқа жету кез келген адамға бұйыра бермейтін үлкен мүмкіндік екенін айтады. Ол қазақ тарихындағы көптеген қайғылы кезеңдерді еске алады. Ашаршылықта миллиондаған адам қаза тапты. Қуғын-сүргін жылдарында көптеген азамат жазықсыз құрбан болды. Соғыста қаншама жас жігіт майданнан оралмады. Мамыр аға қазақтың белгілі тұлғаларын да мысалға келтіреді. Ғалым Шоқан Уәлиханов отыз жасқа жетпей қайтыс болды. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та отыз жасқа толмай өмірден өтті. Ақын Төлеген Айбергенов отыздың айналасында дүние салды. Мұқағали Мақатаевтың ғұмыры да қырық бесте үзілді. – Сізге ұзақ өмір сүру мүмкіндігі берілген екен, оның қадірін білген жөн, - дейді Мамыр аға. Қария бастапқыда Мамыр ағаның сөздеріне ренжігендей болды. Сәлден соң купеден шыға жөнеліпті.
Ұ.Нұрғалымұлы.