Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Шоқан сұрағына Саққұлақ шешеннің уәжі
A2 - Базалық деңгей · 189 сөз

Шоқан сұрағына Саққұлақ шешеннің уәжі

Аудио плеер
0:00 --:--
Бірде Шоқан туған ауылында демалып жатады. Сол кезде оның әкесі Шыңғыс сұлтанның үйіне Саққұлақ шешен қонаққа келеді. Шоқан бұл кісінің ақылды, дана адам екенін бұрыннан білетін. Сондықтан оның өз үйіне келгеніне қатты қуанады. Шоқан шешенмен біраз сөйлесіп отырып: – Ақсақал, адам өмірде қандай болуы керек?- деп сұрайды. Саққұлақ шешен: – Меніңше, адам ақылды, білімді және талапты болуы керек. Адам көп ойлануы қажет. Сабырлы және жақсы мінезді болса, өзін дұрыс ұстай алады. Білім адамға әрқашан керек,-дейді. Шоқан шешеннің жауабына риза болып, тағы сұрақ қояды: – Егер адам жолдан адасса, кімнен жөн сұрайды? – Жасы үлкен адамнан сұрайды,-дейді Саққұлақ. – Ал үлкен адам жолдан адасса ше? – Онда көп көрген адамнан сұрайды. – Ал ол адам білмесе ше? – Көп оқыған адамнан сұрайды. – Ол адасса кімнен сұрайды? -дейді Шоқан – Көп оқыған адам адаспайды, себебі ол білімді, - дейді Саққұлақ шешен. Ол Шоқанға қарап: – Сен дана бала екенсің. Көп нәрсені біліп туғансың, тақ үстінде ағар,- деп риза болады. Шоқан күлімдеп: –Жақсы сөздеріңізге көп рақмет. Айтқаныңыздың бәрі дұрыс. Бірақ «тақ» деген сөзіңіз артық сияқты, -дейді. Сонда Саққұлақ шешен Шоқан отырған ағаш орындықты көрсетіп: – Қазақ «тақ» деп мынаны да айтады,-дейді.
Қапыш Көрімұлы.