Бір жылы аудан басшысы аудан белсенділерін ауылдарға жұмысқа жіберді. Олар малдың төлдеуіне көмектесуі керек болды. Қапаз да бір ауылға барды.
Бірнеше күннен кейін аудан басшысы ауылға келді. Ол ауыл директоры және Қапазбен бірге малды көрді.
Ауылда жұмыс жақсы жүрді. Басшы бұған қуанды. Бірақ бір жерде төрт-бес өлі қойды көреді. Оның себебін сұрады. Қойлар жемді көп жеді. Бақылау болмады, сондықтан 3-4 қой өлді.
Басшы бұл жағдайға ренжіді. Ол директорға және басқа жұмысшыларға: – Неге бұлай болды? Неге жұмысқа қарамадыңдар? -деді.
Ауыл басшылары қателіктерін мойындады. Олар: – Енді бұл қателікті қайталамаймыз,- деді.
Басшы біраздан кейін оларға ақыл айтты: – Сендер малды ойламайсыңдар, - деді.
Сонда Қапаз: – Сіз оларға «ойламайсыңдар»,- деп ренжімеңіз. «Айтқанды орындамадыңдар»,-деп айтыңыз. Бізде ойлайтын бір адам бар. Ол – бірінші басшы. Бәріміз өзіміз ойлай берсек, жұмыс қалай болады? Одан да бәріміз бірге жұмыс істейік,- деді.
Аудан басшысы Қапаздың сөзін түсінді. Содан кейін көп ақыл айтпады.