Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Кейігеннің жөні
A2 - Базалық деңгей · 157 сөз

Кейігеннің жөні

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір жылы ауданның басшысы аудан белсенділерін ауылдарға жіберді. Олар малдың төлдеу жұмысын жақсы ұйымдастыруға көмектесуі керек болды. Қапаз да бір ауылға барды. Екі-үш күннен кейін аудан басшысы сол ауылға өзі келді. Ол кеңшар директоры және Қапазбен бірге шаруаны көріп жүрді. Ауылда жұмыс жақсы ұйымдастырылған еді. Басшы оған риза болды. Бірақ бір кезде бір отар қойдың арасынан төрт-бес қойдың өліп жатқанын көрді. Ол себебін сұрады. Қойлар жемді көп жеген екен. Оларды бақыламаған, сондықтан қойлар өліп қалған. Басшы бұл жағдайға қатты ренжіді. Ол ауыл директорына және ферма меңгерушісіне ескерту жасады. Олар өз қателерін мойындады: – Қателікті түзетеміз,-деді. Біраздан кейін басшының ашуы басылды. Ол: – Ойламайсыңдар ғой,- деп ақыл айта бастады. Сонда Қапаз: – Сіз оларға «ойламайсыңдар»,- деп ренжімеңіз. «Айтқанымды орындамадыңдар»,-деп ренжігеніңіз дұрыс. Өйткені бізде ойлайтын бір орган және оның бірінші басшысы бар. Бәріміз өзіміз ойлай берсек, жұмыс қалай болады? Одан да бәріміз бірге жұмыс істейік, -деді. Басшы Қапаздың сөзін түсінді. Ол ақылды адам еді. Сондықтан көп ақыл айтуды тоқтатты.
Берік Садыр «Ауылдың айтқыштары».