Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Байды алдаған шал
B1 - Орта деңгей · 212 сөз

Байды алдаған шал

Аудио плеер
0:00 --:--
Ертеде бір шал мен кемпірдің бір қызы және бірнеше ешкісі болыпты. Бір күні шал ешкі бағып жүріп ұйықтап қалыпты. Сол кезде қасқыр ешкілерін айдап әкетеді екен. Шал оянып, ізге түседі. Ол қасқырдың інін тауып, іннің аузына қап ұстап күтіп тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шығады. Шал қасқырды қапқа салып, ауылына жүреді. Жолда демалып, бір байдың үйіне қонады. Үйге кіріп, арқасындағы қапты керегенің басына іледі. Бір уақыттан кейін бай шалдан : «қабыңызда не бар?» деп сұрайды. Шал: – Қапта тұқымы асыл бір көк қошқар бар, – дейді. Бай: – Қошқарыңды маған сат, – дейді. Шал: – Жақсы, сатайын. Бірақ бәленше тілдә бер, – дейді. Бай сұрағанын береді. – Мұны қаптан шығарып, қойға жіберейік, – дейді Бай. Шал: – Жоқ, қазір жіберуге болмайды. Адамдар ұйықтаған соң жіберу керек, – дейді. – Мақұл, – деп, ел тегіс ұйықтаған соң қораға жібереді. Әлгі «көк қошқар» тоқты мен қойларды жеп кетеді. Сонымен қатар бәленше тілдәні алып, шал да кетеді. Келесі күні бай тұрып, қораны қарайды. Көп қой өліп жатады. Түндегі «көк қошқар» қошқар емес, көк қасқыр екен. Бай, сөйтіп, шалдан алданған екен. Vocabulary Ін – burrow / den Тосу – to wait for; to hold Қону – to stay overnight Кереге – the lattice wall of a yurt Қошқар – ram Тілдә – an old gold coin
Бабалар сөзі, 77 том.