Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ең бақытты күн
A1 - Қарапайым деңгей · 77 сөз

Ең бақытты күн

Аудио плеер
0:00 --:--
Торғын бүгін ерте тұрды. Содан кейін далаға шықты. Ол таза ауамен демалды. Түнде жаңбыр жауды. Сондықтан ауада дымқыл бар. Ауыл адамдары ұйқыдан оянды. Торғын қайтадан үйге кірді. Атасы да бүгін ерте тұрды. Ол ұзын етігін киіп отырды. Себебі атасы жаңбырдан кейінгі дымқылды ұнатпайды. Енесі ас дайындап жүрді. Үйде күбідегі шұбатың иісі шығып тұрды. Үшеуі сөйлеспеді. Атасы үйдегі отқа қарап отырды. Оттың үстінде қара шәйнек тұрды. Бұл шәйнекті өзі жасады. Бірақ қазір ескі болды. Үйдегі ыдыстардың біразы ескірді.
Ә. Кекілбаев.