Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ең бақытты күн
A2 - Базалық деңгей · 118 сөз

Ең бақытты күн

Аудио плеер
0:00 --:--
Торғын таңертең ерте тұрып, дала шықты. Түнде жаңбыр жауды. Ауа таза әрі дымқыл болып тұрды. Ауыл адамдары ұйқыдан енді тұрып жатты. Торғын үйден шығып, ауылдың сыртына барды. Сол жерде шөп көп өседі. Жан-жағы тып-тыныш. Бригадир Берденнің аты да сол жерде шөп жеп жүрді. Сосын Торғын үйге қайтып келді. Ол атасының да ұйқыдан тұрғанын көрді. Атасы аяғына ұзын етік киіп отырды. Өйткені ол жаңбырдан кейінгі су мен дымқылды ұнатпайды. Енесі болса, ас дайындап жүрді. Ол күбідегі шұбатқа жаңа сауылған түйе сүтін қосты. Үйдің іші де тып-тыныш. Атасы отқа қарап, ойланып отырды. Оттың үстінде ескі қара шәйнек тұрды. Бұл шәйнекті атасы өзі жасады. Біраз уақыт өтті, сондықтан ескі болып қалды. Бұл үйдегі ыдыстардың біразы ескірді. Біраздан бері жаңа ыдыс алынбады.
Ә. Кекілбаев.