Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ең бақытты күн
B1 - Орта деңгей · 143 сөз

Ең бақытты күн

Аудио плеер
0:00 --:--
Торғын төсегінен ерте тұрып, далаға шықты. Түнгі жаңбыр тоқтап, ауада аздаған дымқыл қалыпты. Аспан ашылып, таң да атып келе жатыр екен. Ауыл енді оянып жатқанымен, сыртта әлі тыныштық. Торғын ауылдың сыртына шығып, қалың шөптің арасына қарай жүрді. Ол жақта бригадир Берденнің аты жайылып жүрді. Торғын үйге қайтып келгенше, атасы да оянды. Ол ұзын етігін киіп алыпты, өйткені ол жаңбырдан кейінгі дымқылды жақтырмайды. Ол үйге от жағу керек деп ойлап отырды. Ал енесі ас үй жақта жүрді. Қайыңнан жасалған күбідегі шұбаттың иісі үйге тарады. Ол жаңа сауылған түйе сүтін күбідегі шұбатқа қосып араластырды. Үшеуі біраз уақыт үнсіз отырды. Атасы отқа қарап, бір нәрсе туралы ойланып отырды. Оттың үстіндегі өзі жасаған ескі қара шәйнекке көзі түсті. Түбін қайта жаңарту керек деп ойлады. Себебі көп жылдан бері қолданып келеді. Қазанның түбі де жұқарып қалды деп кемпірі айтып жүреді. Бұл үйге жаңа ыдыс алынбағалы біраз уақыт болды.
Ә. Кекілбаев.