Таңертең Жазатыр ауылынан атпен жолға шыққан екі адам кешке қарай Аршаты ауылына келді. Олар жолда ақырын жүрді. Сондықтан аттары да, өздері қатты шаршамады. Ауылға келген соң аттарын ағашқа байлады.
Ауылдың жанында көп биік ағаш бар. Бір жағында он бес-жиырма киіз үй тұрды. Ауада ағаштың иісі қатты шығып тұрды.
Келген жолаушылардың бірі – кәрі кісі, екіншісі – жас, бойы ұзындау жігіт. Ауыл адамдары жолаушыларға таңғалып қарады. Балалар жақындап келіп, бөтен адамдарды көрген соң қайта қашып кетті.
Үлкен қарт кісі үйге кірді. Ал жас жігіт далада ауылға қарап, үнсіз тұрды. Ауылдағы үйлерден әлсіз жарық көрінді.
Жас жігіт Қызылқайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбіне отырды. Ол өткен өмірін ойлады. Ол білім алғысы келген еді. Бірақ өмірі ойлағандай болмады. Осы кезде мұңайып, өзін жалғыз сезінді.