Бір күні Жиренше ханның үйінде отырған екен. Бір адам ханға дайын қаздың етін алып келеді. Сонда хан Жиреншеге:
– Сен сөзге шеберсің және әр нәрсеге де шебер шығарсың. Мына қаздың етін саған, маған, ханымға, екі ханзадаға, екі қаныкейге, яғни тура жеті адамға бөліп бер, – депті.
Сонда Жиренше пышағын алып, қаздың басын кесіп:
– Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сізден басқа кім жейді? – депті. Екі аяғын кесіп, екі ханзадаға: «Сіздер аталарыңыздың артынан хан боласыздар», – дейді. Екі қанатын кесіп: «Сіздер шетелге осы екі қанатпен ұшасыздар», – дейді. Қаздың артын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл – қаздың жаясы. Бұны сізден басқа кім жейді?» – дейді.
– Мен қаздың басын алмаймын, хан емеспін, жаяны да алмаймын, ханым емеспін, аяқты да алмаймын, ханзада емеспін, қанатты да алмаймын, қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да болады, – деп, қаздың барлық етін алып, үйіне алып кетіпті.
Vocabulary:
Қаз – goose
Шебер – skilled; skilful person / master
Қаныкей – khan’s daughter
Жая – rump; back/tail part of the goose