Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Сарыарқаның жаңбыры (3-үзінді)
A2 - Базалық деңгей · 100 сөз

Сарыарқаның жаңбыры (3-үзінді)

Аудио плеер
0:00 --:--
Кешке қарай Махмұт пен Бағила Бұқтырма өзенінің жағасында кездесті. Олар бұрын жеке кездесіп көрмеді. Сондықтан Бағилаға ыңғайсыз болды, ол қатты ұялды. Ал Махмұтқа бұл ұнады. Бұқтырма өзені ақырын ағып жатты. Түнгі ауа салқын болды. Өзен үстіне тұман көтеріліп, Махмұт пен Бағиланы қоршап алды. Біраз уақыт өткен соң Бағила тоңды. Мұны Махмұт сезді. Ол үстіндегі пиджактың түймесін шешті. Сосын онымен Бағиланың арқасын жауып, қызды құшақтады. Олар бір-біріне жақын отырды. Екеуі бір-біріне ештеңе айта алмады. Бірақ сөйлеспесе де, бір-бірін түсінді. Түн суық болса да, олар таң атқанша отырды. Сосын екеуі үйлеріне қайтты. Махмұт пен Бағила бірінші рет кездесті. Кейін қайта кездескен жоқ.
Оралхан Бөкей.