Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Тәтей
B1 - Орта деңгей · 251 сөз

Тәтей

Аудио плеер
0:00 --:--
Бірінші сыныптан бері сабақ берген мұғалімімізді біз «тәтей» деп атадық. Ол кісінің бойы аласа еді, сондықтан ауылдағы үлкен кісілер оны «кішкентай қыз» деп атап кетті. Ал сыныптағы балалардың барлығы тәтейді ерекше жақсы көрді. Бір күні Қанат жүгіріп келіп, тәтейдің оның үйіне барғанын айтты. Мұғалім оған велосипед тебуді үйретті. Қанаттың басынан сипап: «Сен жақсы жігіт боласың», - депті. Қанат мұның бәрін бізге мақтанышпен жеткізді. Балалар оған қызықты. Мен болсам, көңілім түсіп қалды. Сыныптастарым тәтейдің өздерін жақсы көретінін жиі айтты. Ал мен ондай сөзді ешқашан айтып көрмедім. «Мені жақсы көрмейтін шығар» деп ойладым. Ертеңіне сабақта осы ренішім қайта есіме түсті. Көңіл-күйім түсті. Содан соң алдымда отырған Кенженің шашынан тартып қалдым. Ол жылап жіберді. Тәтей қабағын түйіп: - Оның не, Самат? - деп сұрады. Мен орнымнан тұрдым. Жылағым келсе де, өзімді ұстадым. Үй тапсырмасын айт, - деді тәтей. Мен үндемедім. - Білмейсің бе? - Білемін, бірақ айтпаймын, - деп жауап бердім. Сынып іші тынышталып қалды. Тәтей маған ренжігенін айтты. Сабақтан кейін балалардан бөлініп, жалғыз қайттым. Жолда бір сиырды көріп, сөмкеммен ұрмақ болдым. Кенет ол мені қағып жіберді. Не болғанын байқамай қалдым. Көзімді ашсам, ауруханада жатырмын. Қасымда мейіргер Қалиқа апай жүр. Тәтейдің де дауысы естіледі: - Самат ақылды, тыныш бала еді. Неге бұлай істегенін білмеймін, - деді ол. Сәлден кейін тәтей маңдайымнан сипады. Ол мені туған інісіндей жақсы көретінін, бірақ сабақ үстінде оны көрсете бермейтінін айтты. Енді сағынатынын да жеткізді. Мен қуанып кеттім. Орнымнан тұрып, тәтейді құшақтағым келді. Бірақ көзімді ашуға ұялып, даусымды шығармай жата бердім. Бір уақытта көзімді ашсам, тәтей маған күлімсіреп қарап отыр.
Сайын Мұратбеков.