Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ұшқан ұя
B1 - Орта деңгей · 179 сөз

Ұшқан ұя

Аудио плеер
0:00 --:--
Мен туғанда әкемнің жасы елуден асқан. Әжем оны балаларының ішіндегі еңбекқоры деп айтқан. Әкем жазу, сызуды өз бетімен үйренген. Өмірінің соңына дейін оқуға, түрлі нәрсе үйренуге тырысқан. Есептеуді жақсы білген, тіпті, орыс әліпбиін де оқи алған. Жас кезінде әкем ағаш ұстасы да болған, аяқкиім тігуді де білген. Сонымен бірге, зергерлікті өте жақсы меңгерген. Ауылда одан жақсы зергер болмаған. Жас кезінде үйренген осы өнерін қартайған кезінде де тастамаған. Оның жасаған сақина, білезіктерін әлі де тағып жүрген әйелдер бар. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойларда айтысқа да қатысқан. Имаш атам ауылдың шаруасын басқаруды әкеме жасөспірім кезінде тапсырған. Ауылдағы адамдар көптеген мәселе бойынша әкемнен ақыл сұраған. Туыстар арасындағы қарым-қатынас, көшу, той сияқты мәселелер оның қатысуынсыз шешілмеген. Ауылда беделді Қызтумас деген әжемнің өзі де: Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен. Қысқасы, әкем ауылда беделді адам болған. Сондықтан шағын ауылымызды халық «Момыш ауылы» деп атап кеткен. Біздің отбасымыздың жасы да, кәрісі де еңбек еткен. Әкем орта бойлы, арық адам болған. Маңдайы кең, қасы қалың, көзі үлкен болған. Арық болғанына қарамастан, өте күшті екен. Әжем оны сол күшіне қарап, «Тарамыс» деп те атаған.
Бауыржан Момышұлы.