Бір адам «Microsoft» компаниясына аула сыпырушы болып жұмысқа кіруді ойлайды. Жұмысқа кіру үшін тест сұрақтарына жауап береді. Содан соң оны жұмысқа аламыз дейді. Бұл кісіден e-mail поштасын сұрайды. Себебі компания жұмысшылары e-mail арқылы байланыс жасайды.
Бұл адамда компьютер, e-mail жоқ еді. Сондықтан компания оны жұмысқа алмайды.
Ол енді компьютер алу үшін ақша табуды ойлайды. Оның 30 доллары бар еді. Сол ақшаға алма сатып алады. Содан соң оны көшеде сатады. Алмалары тез сатылады. Аз уақытта оның ақшасы көбейеді.
Бірнеше жылда ол көлік сатып алады. Кейін дүңгіршек ашады, содан соң дүкен ашады. Бес жылдан кейін оның бірнеше дүкені болады.
Бір күні ол бизнесін сақтандыру үшін агенттікке келеді. Агенттік қызметкері одан e-mail поштасын сұрайды. Ол: “Менің e-mail поштам, компьютерім жоқ”, - деп жауап береді.
Сақтандырушы бұған таңғалады. Сонда ол: «Менің компьютерім болса, «Microsoft» компаниясында аула сыпырушы болып жұмыс істейтін едім», - деп жауап береді.