Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Аула сыпырушы туралы мысал
A2 - Базалық деңгей · 174 сөз

Аула сыпырушы туралы мысал

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір кісі «Microsoft» компаниясына аула сыпырушы болып жұмысқа кіргісі келеді. Компания қызметкерлері оған бірнеше сұрақ қойып, тест алады. Содан кейін: «Сізді жұмысқа аламыз, бізге e-mail поштаңызды жіберіңіз. Поштаңызға жұмыс кестесін жібереміз», - дейді. Бірақ оның компьютері де, e-mail поштасы да жоқ еді. Сондықтан компания оны жұмысқа алмайды. Өйткені компания қызметкерлерімен e-mail арқылы байланысады. Содан кейін ол компьютер сатып алу үшін ақша табуды ойлайды. Оның 30 доллары ғана болады. Осы ақшаға алма сатып алып, адамдар көп жүретін көшеде сата бастайды. Бірнеше сағатта алманы сатып жібереді. Саудасы жақсы жүрген соң, ол бұл жұмысты жалғастыра береді. Бірнеше жылдан кейін көлік сатып алады. Кейін шағын дүңгіршек ашып, кейін дүкен ашады. Бес жылдың ішінде оның бірнеше дүкені болады. Енді ол кәсібін сақтандыру үшін агенттікке барады. Агенттік қызметкері одан электрондық поштасын сұрайды. Ол: « Менің компьютерім де, электрондық поштам да жоқ», - деп жауап береді. Сол уақытта сақтандырушы таңғалып: «Үлкен кәсібіңіз бар, бірақ компьютеріңіз жоқ. Компьютеріңіз болса, не істер едіңіз?» - деп сұрайды. Бұл сұраққа ол: «Онда мен «Microsoft» компаниясының жай ғана аула сыпырушысы болатын едім», - деп жауап береді.