Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қыз жұмбағы
A1 - Қарапайым деңгей · 111 сөз

Қыз жұмбағы

Аудио плеер
0:00 --:--
Ертеде бір хан болды. Хан тоқсан жасында бір жас қызды ұнатты және оған үйленуді ойлады. Хан қызға құда түсу үшін өз адамдарын жіберді. Олар қыздың ата-анасына ханның сөзін жеткізді. Бірақ қыздың ата-анасы ханның адамдарын жауапсыз қалдырды. Сол уақытта қыз оларға мына жұмбақты айтты: «Менің бағам – он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, елу айғыр, алпыс азбан, жетпіс ноқта, сексен шідер, тоқсан дорба». Бірақ бұл жұмбақтың жауабын ешкім таба алмады. Кейін бір ақылды адам жұмбақты былай шешті: «Бұл жұмбақ адамның әр жастағы жағдайын көрсетеді. Адам жас кезінде қозы сияқты болады. Жасы үлкейгенде адам күшті болады. Ал қартайғанда күші азаяды». Сол уақытта хан бұл сөздің мағынасын түсінді және өзінің қартайғанын мойындады.
Есқали Нұрғалиұлы.