Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Құрдастар әзілі
A1 - Қарапайым деңгей · 166 сөз

Құрдастар әзілі

Аудио плеер
0:00 --:--
Екі адам бала кезден дос болады. Олар бірге өседі. Бір досы ерте үйленеді. Екіншісі кеш үйленеді. Екеуі де егін егеді. Біріншісінің бес ұлы болады. Ұлдары әкесіне көмектеседі. Оның бір ғана аты болады. Бір жылы егін аз шығады. Сондықтан ол «қырманды қандау» дәстүрін жасамайды. Бір күні түнде екінші досы оның киіз үйін бұрып қояды. Таңға жақын ол ұйқыдан тұрады. Бірақ үйдің есігін таба алмайды. Сондықтан әйелі шам жағады. Үйдің есігі басқа жаққа қарап тұрады. Әйелі екеуі қатты қорқады. Көршілер: “Садақа беріңдер, мал сойыңдар», - дейді. Содан кейін ол бір атын союға дайындалады. Әйелі екеуі жылайды. Себебі олардың басқа аты жоқ еді. Мұны көрген досы: «Үйіңді мен бұрдым. Бұл әзіл еді», - дейді. Ол досына ашуланады. “Өлсең де, сені көрмеймін”, - дейді. Содан кейін досымен көп уақыт сөйлеспейді. Екі дос бірін-бірі сағынады. Бір күні екінші досы өз әйелін досына жібереді. Әйелі: “Досың өлді”, - деп хабар береді. Бірақ ол тірі еді. Бірінші досы келіп жылайды. Сол кезде екінші досы орнынан тұрады. Сосын екеуі құшақтасады. Олар қайта дос болады.
Ақмаржан Таубаева.