Бала кезден бірге өскен екі дос болыпты. Екеуі де егін егіпті. Ақшаны солай тауыпты. Бірі ерте үйленіп, бес ұл өсіріпті. Ұлдары оған егін егуге көмектесіпті. Екіншісі кеш үйленіп, балалары кішкентай болыпты. Бір жылы егін дұрыс шықпапты. Сол себепті бірінші досы егін жинаудың алдында «қырманды қандау» дәстүрін жасамапты, мал соймапты.
Мұны естіген екінші досы түнде келіп, досының киіз үйін бұрып қойыпты. Түнде үй иесі сыртқа шыққысы келеді, бірақ есікті таба алмапты. Әйелі шам жаққанда, екеуі үйдің орны өзгергенін көріпті. Көршілер мұны бір белгі деп түсініп, садақа беруге кеңес беріпті. Үй иесі жалғыз атын союды шешіпті. Атты сойғалы жатқанда, әйелі екеуі жылапты. Өйткені оның басқа аты жоқ. Сол кезде екінші досы шыдай алмай: «Үйіңді мен бұрдым. Бұл тек әзіл болатын», - депті. Бірінші досы қатты ренжіп, онымен сөйлеспей қойыпты. “Өлсең де, сені көрмеймін”, - депті. Айлар, жылдар өтіпті. Екі дос бірін-бірі сағыныпты.
Сонда екінші досы әйеліне өзін өлді деп хабар беруді сұрапты. Әйелі бұл хабарды екінші досына жеткізіпті. Хабарды алған соң досы отбасымен келіпті. Досын құшақтап жылапты. Сол сәтте досы сөйлеп кетіпті. Досы түсініп, екеуі күліп, құшақтасапты. Осылайша олар достығын қайта жалғастырыпты.