Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Төрт қателік
A2 - Базалық деңгей · 116 сөз

Төрт қателік

Аудио плеер
0:00 --:--
Қонақтар кеткен соң қайтадан шай жасадық. Бәріміз дастарқан басына отырдық. Атамның көңілі-күйі жоқ. Бір кезде атам маған қарап: “Тамақтарың дәмді болды. Алайда сен төрт қате жібердің”, - деді. Содан кейін сөзін былай жалғастырды: - Бірінші қатең – қойдың басын қонақтарға алып кірдің. Қазақ әйелі қонақтардың алдына бас апармайды. Екінші қатең – қойдың басын қонақтардың алдына дұрыс қоймадың. Басты қонаққа тұмсығын алға қаратып беру керек. Үшінші қатең – қойдың тісі алынбаған. Бұл, біріншіден, тазалық үшін қажет. Екіншіден, осындай дәстүр де бар. Үйіңе келген адамға ренжісең, тісі алынбаған қойдың басын қоюға болады. Осы дәстүр арқылы оған ренжігеніңді білдіруге болады. Төртінші қатең – қойдың басын қасқаламай әкелдің. Бұл дәстүр қонаққа жолы ашық болсын деген тілегіңді білдіреді, - деп түсіндірді.
Зейнеп Ахметова. «Бабалар аманатынан».