Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаяты
A1 - Қарапайым деңгей · 132 сөз

Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаяты

Аудио плеер
0:00 --:--
Ертеде Қазан ханының бір ұлы болады. Оның денесі ала болады. Оны кішкентай балалар «Алаша» деп айтады. Бірақ балаға бұл ат ұнамайды. Сондықтан ол үлкейгенде ауылынан кетіп қалады. Ол қасына ауылынан жүз адам алады. Бір жыл өтеді. Алашадан хабар жоқ. Сондықтан хан: «Баламның хабарын біліп кел», - деп жүз адам жібереді. Бірақ олар қайтып келмейді. Жүз жігіт Алашаның қасында қалады. Кейін тағы жүз адам жібереді. Олар да қайтып келмейді. Алашаның қасында қалады. Біраз уақыттан кейін олар Алашаны хан етіп сайлайды. Олар далада аң аулайды, мал бағады. Солай күн көреді. Кейін Алашаның елінде адамдар көбейеді. Сосын олар үшке топқа бөлінеді. Бір бөлігі оңтүстікке барады. Оларды “Ұлы жүз” деп атайды. Екінші бөлігі орталықта қалады. Оларды “Орта жүз” деп атайды. Үшінші бөлігі солтүстікке барады. Оларды “Кіші жүз” деп атайды. Сондықтан қазақтарды «Үш жүздің балалары» деп атайды.
«Бабалар сөзі. Шежірелік аңыздар».