Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Алты түлкі
B1 - Орта деңгей · 133 сөз

Алты түлкі

Аудио плеер
0:00 --:--
Ертеде алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ», – деп күліпті. Сол уақытта шолақ түлкі «Мен осы бес түлкінің құйрықтарын шолақ етіп, өзім сияқты етемін», – деп ойлайды. Сонда бес түлкіге айтты: – Біз бір ойын ойнайық! – деп Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарынан байлап, өзі бір биік таудың басына шығып, түлкілерге айтты: – Мына жақта бүркітшілер келе жатыр, – деп өзі қашты. Сонда бес түлкі де қашып, құйрықтарын үзіп, шолақ болыпты. Енді бесеуі бірдей шолақ, ешкім мазақтамайды, күлмейді екен. Vocabulary: Шолақ – short Шолақ ету – to make something short Алып келу – to bring Қарағай – pine tree +Dat. шығу – to go up / to climb Бүркітші – eagle hunter / falconer Мазақтау – to mock / to make fun of
Бабалар сөзі, 77 том.