1990 жылы мен Көкшетау қаласына бардым. Ол жерде Наурыз мерекесі болды. Мен сахнада өлең айттым. Мұрат аға маған өзінің домбырасын берді. Домбыра өте әдемі еді. Мен оны өте ұнаттым. Соңында Мұрат ағаға әзіл өлең айттым. Адамдар күлді. Мұрат аға домбыраны маған сыйлаққа берді.
Мен бұл домбырамен көп жерде өлең айттым. Бір күні үлкен мерекеге бардым. Ол жерде тағы өлең айттым. Бірінші орын алдым. Маған сыйлыққа ақ ат берді. Мен атқа міндім. Сол кезде бір бала: «Домбыраны мен ұстайын», - деді. Мен домбырамды оған бердім. Біраз уақыттан кейін мен домбырамды сұрадым. Бірақ бала да, домбыра да жоқ болды. Адамдар домбыраны іздеді. Бірақ таба алмады. Менің көңіл-күйім түсті.
Кейін Алматы қаласында тағы өлең айттым. Сол жерде маған басқа домбыра сыйлады. Оның да дауысы жақсы болды. Мен онымен ұзақ уақыт өлең айттым. Ол домбыра қазір менің үйімде тұр.