1990 жылы мені Көкшетаудағы Наурыз мерекесіне шақырды. Мен сахнаға шығып, өлең айттым. Мұрат аға маған өзінің жаңа, әдемі домбырасын берді. Маған домбыраның үні ұнады. Сондықтан Мұрат ағаға өлеңмен оны қайтарғым келмейді деп әзілдедім. Көрермендер күлді. Мұрат аға сахнаға шығып, домбырасын маған сыйлады.
Мен осы домбырамен көп айтысқа қатыстым. Бір күні Ағыбай батырдың мерейтойында өткен айтысқа қатысып, бас жүлде алдым. Маған ақ ат сыйлады. Адамдар маған атқа мін деді. Қолымдағы домбыраны не істерімді білмей қалдым. Сол кезде бір бала: «Аға, домбыраңызды ұстап тұрайын», - деді. Мен оған сеніп, домбырамды бердім.
Атқа мінген соң адамдар: “Тағы өлең айтыңыз”, - деді. Мен домбырамды әкелуді өтіндім. Бірақ бала да, домбыра да жоқ. Адамдар жан-жақтан іздеді, алайда ештеңе таппады. Мен қатты ренжідім, өйткені ол менің жақсы көретін домбырам еді.
Біраз уақыт жақсы домбыра таба алмадым. Кейін Алматыдағы айтыста «Алматы ақшамы» газетінің атынан маған ақ домбыра сыйлады. Оның даусы да өте жақсы болды. Мен сол домбыраны көп уақыт қолдандым. Ол әлі күнге дейін үйімде тұр.