Дәуіт патшаның Сүлеймен деген ұлы болады. Патша ұлын өте жақсы көреді. Ұлына жақсы тәрбие береді. Сүлеймен әкесі сияқты ақылды бала болып өседі.
Бір күні патшаның алдына егінші мен қойшы келеді. Егінші: - Патша, менің бақшам бар. Бақшаға егін өсірдім. Қойлар менің барлық егінімді жеді, - дейді. Сонда патша қойшыға: «Сен қойларыңды егіншіге бер», - дейді. Мұны патшаның ұлы Сүлеймен бұл сөздерді естиді. Ол әкесіне: “Сіз бұйрығыңызды жұмсартасыз ба?” - дейді. Әкесі ұлына қарап: - Сен не істер едің? - дейді. Сонда Сүлеймен: «Мен егіншіге қойларды бір жылға беремін. Егінші қойларды бағады, сосын олардың сүтін, жүнін және етін пайдаланады. Ал қойшыға бақшаны беремін. Қойшы бақшаға егін өсіреді. Сонда олар бір-бірінің еңбегін түсінеді», - дейді. Дәуіт патша баласының сөзіне риза болады.
Дереккөз
М. Базарбайқызы. «Базарлық: ертегілер мен аңыздар», 90-б.