Әлімжанның әкесі мен анасы жұмыс істейді. Олар күнде жұмысқа кетеді. Сол уақытта Әлімжан әжесімен бірге үйде қалады. Екеуі кейде қуанады, кейде ашуланады. Ол әжесінің сөздерін қайталайды.
Әлімжанның ойыншықтары көп. Ол ойыншықтарымен әжесі сияқты сөйлеседі. Кейде ойыншықтарына ренжиді. Оларға ұрысады. Сосын оларды бұрышқа тұрғызады. Әлімжанның кішкентай мысығы бар. Әлімжан оған да ұрысады.
Бір күні оның аузындағы сағызы жерге түседі. Әлімжан сағызын іздейді. Мысығы оған көмектеседі. Бірақ Әділет деген ағасы сағызды бірінші табады. Сосын оны шыны сөреге тығады.
Бір уақытта Әлімжан сөредегі сағызды көреді. Оны аламын деп ойлайды. Бірақ сөредегі сағыз жабысқан ыдысты сындырады. Сол уақытта Әділет пен әжесі де үйге кіреді.