Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Мәтіндер тізіміне оралу
Құлпынай тосабы. Сегізінші бөлім
B2 - Ортадан жоғары · 199 сөз

Құлпынай тосабы. Сегізінші бөлім

Аудио плеер
0:00 --:--
Асқардың ата-анасы осыдан бес жыл бұрын ажырасып кеткен. Әкесі Талдықорғанда жаңа отбасы құрып алған. Асқар кейде әкесінің қолына келіп тұрады. Биыл жазда да солай істегісі келген ғой. Екеуміз жеңгемнің үйінің ауласында отырмыз. Жеңгемнің күйеуі Хасан – менің анамның әпкесінің баласы – көлігін жөндеп жатыр. Мені жақтырмайтын мысық жанымыздан шықпай жүр, сірә, Асқарға бүйрегі бұрып кетсе керек. - Жаздық мектепке жазылып алыпсың ғой. - Ой, қайдағы. Анам жазып қойды, - дедім. – Әйтпесе жаз бойы Айым мен Айгүл үшеуміз дайындалайық дегенбіз. Асқар басын изеді. Ол өте салмақты бала. Тесттен бір рет құлаған еді, еш әбіржімеді. Сөйтсек, жүйеден қате кетіпті. Асқар мұғалімдерге соны дәлелдеп берді. Кейде оның осы салмақты мінезіне қызығамын. Мен болсам дәл сол жерде аңырап жылап қалар едім. - Жеңгем осы жерде қала берсеңші дейді. Асқар басын көтеріп, маған тесіліп қарады. - Алматыға оқуға бірге түсеміз деп едік қой. Не болды, ойыңнан айнып қалдың ба? Мені жақтырмайтын мысық Асқардың аяғына сүйкеніп, пырылдап қояды. Неткен безбүйрек жануар еді. Маған көз қиығын да салмайды. Мен не айтарымды білмей, басымды түсіріп отырмын. Біраз уақыттан кейін Асқар күрсінді. - Жарайды. Жетісу университетіне түскің келсе, мен де осында қаламын. Әкеммен сөйлесемін, соның жанында біраз уақыт тұра тұрармын, жатақхана өмірі маған жат. Жымиып қоя бердім.