Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Мәтіндер тізіміне оралу
Шарын – Қазақстанның «Марс планетасы»
B2 - Ортадан жоғары · 124 сөз

Шарын – Қазақстанның «Марс планетасы»

Аудио плеер
0:00 --:--
Алматы облысындағы Шарын шатқалы Қазақстанның ең ерекше табиғи орындарының бірі. Шарын шатқалы — Алматы қаласынан шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта, Шарын өзенінің бойында орналасқан 12 миллион жылдық тарихы бар ерекше табиғи ескерткіш. Тереңдігі 150–300 метрге дейін жетеді. Қорғандар алқабы (Көртоғай) — миллиондаған жылдар бойы жел мен су шаю нәтижесінде пайда болғанға ұқсайтын жартастар. Оның қызыл жартастары мен биік қабырғалары кейде басқа планетаның пейзажына ұқсайды. Шарынға алғаш барған шетелдік адам өзін Қазақстанда емес, Марс планетасында жүргендей сезінуі мүмкін. Жел мен судың әсерінен миллиондаған жыл бойы пайда болған жартастардың пішіндері мұнаралар мен қамалдарға ұқсайды. Бұл жердің ерекшеліктері: Шатқал ішінде көне заманнан сақталған Соғды шетені өседі; Мұнда көне мастодонттар мен мүйізтұмсықтардың сүйектері табылған. Жергілікті экожүйені сақтау мақсатында парк маңындағы аумақтар қатаң мемлекеттік қорғауға алынған. Авторы: Гүлжиһан Көбденова