This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ес кімде бар?
A2 - Elementary · 127 words

Ес кімде бар?

Audio player
0:00 --:--
Әлімжанның әкесі мен анасы жұмыс істейді. Олар жұмысқа кеткенде Әлімжан мен әжесі ғана қалады. Екеуі кейде қуанады, кейде ашуланады, кейде ұрысады. Әлімжан әжесінің сөздерін артынан қайталап жүреді. Бір күні Әлімжан ойыншықтарымен ойнап отырады. Ол ойыншықтарына ренжіп ұрысады. Оларға әжесінен естіген жаман сөздерді айтады. Ойыншықтары да оған ренжігендей болады. Қуыршақтарын теріс қаратып, бұрышқа тұрғызып қояды. Оның мысығы бар. Әлімжан кейде мысығына да ұрысады. Бірде ол мысығына тағы да ұрысып жатқан кезде оның аузындағы сағызы жерге түседі. Мектептен енді келген ағасы Әділет сағызды бірінші көреді. Сосын оны алып, шыны сөредегі көк кесенің астына тығып қояды. Ал Әлімжан болса, сағызын іздей бастайды. Мысығы екеуі үйдің бәрін қарайды. Бір кезде сөредегі кесенің астында жабысқан сағызды көреді. Оны аламын дегенде ыдысты сындырып алады. Тура сол уақытта Әділет пен әжесі де кіріп келеді.
Н. Құмар. «Үркер» газеті, 16 қазан 2014.