Video materials for learning Kazakh
– Алло. – Алло. Бұл кім? – Кімді іздедің? – Таныдың ба? – Жұлдыз ба едің? – Иə, сенің жұлдызыңмын. Жан ашпаған сырды іздедім. – Кешіріңіз! Кім едіңіз? – Бір сұлудың тірегіміз. Əзір бойдақ, басымыз бос… – Бос орынға гүл егіңіз! Қайырмасы: – Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз? Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз. – Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз? Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз. – Нешеде еді, шын жасыңыз? Сұлулардың сырласымыз. – Қыздың жасын сұрамайды. – Қай жылғы еді құрдасыңыз? – Құрдастарым келсе жүзге, Менің жасым – он сегізде. – Сізді сондай көргім кеп тұр, Сенбесеңіз, сенсеңіз де, Қайырмасы: – Жо-жо-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз? Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз. – Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз? Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз.
1)Сені сүйдім бе? Отқа күйдім бе? Бұл махаббатқа, Басымды идім бе? Көңілім қалды, Қанатым талды! Бұл сезім мені Әуреге салды… Сені сүйдім бе? Отқа күйдім бе? Бұл махаббатқа, Басымды идім бе? Түсінбей жүрмін, Түсімдей бұл күн. Сүйген жүрекке, Әмір жоқ, білдім! Chorus: Жүрек неге жылайды? Сені ғана, сені ғана менен сұрайды? Сенің қарағаның, Маған қатты ұнайды. Жүрек неге жылайды?! Жүрек неге жылайды?! Жүрек неге жылайды? Сені ғана, сені ғана менен сұрайды. Сенің қара көзің маған қатты ұнайды! Жүрек неге жылайды?! Жүрек неге жылайды?! 2) Сені сүйгелі, Отқа күйгелі. Көрінбес сезім, Бойды биледі… Көнбейтін кеуде, Махаббат ол не? Білмейсің сен де, Білмеймін мен де.
Бақытты мекен Мүмкін айда мекен Балалық шағым менің Қайда екен? Сол кезге оралайын Алыс-алыс жолдарды аралай Мен таңда мас күйде Міндім таксиге Мені үйде анам күтеді Күтеді ас үйде Брат жайырақ айда Жеткіз мені айға Мен саған мас күйде Міндім таксиге Мені үйде анам күтеді Күтеді ас үйде Брат жайырақ айда Жеткіз мені айға Сол бір мекен-жайға Тұман арасында Бірде көлік бірде жаяу Күмән араласып Таңға таман тағы ояу Көз қарасыңа Ғашықпын, көз қарасыңа Көз қарасыңның Ағы менен қарасына Біз екеуміз жолда Қалағаның сонда? Оң ба әлде сол ма? Кетсең егер солға Жолдан адастың Сен жолдан адастың Мен таңда мас күйде Міндім таксиге Мені үйде анам күтеді Күтеді ас үйде Брат жайырақ айда Жеткіз мені айға Мен саған мас күйде Міндім таксиге Мені үйде анам күтеді Күтеді ас үйде Брат жайырақ айда Жеткіз мені айға Сол бір мекен-жайға Мен таңда мас күйде Міндім таксиге Мені үйде анам күтеді Күтеді ас үйде Брат жайырақ айда Жеткіз мені айға Мен таңда мас күйде Таксиге Жеткіз мені айға
Құлағымда қазақша үн Жүрегімде қазақша мұң Көңілімде қазақша сыр Қиялымда қазақша жыр Мінезімде қазақы қыр Болмысым да қазақы Терезем тең Артық емес Емес кем Chorus Сүйем, ойлайм, күлем Күйем, жылайм, қалайм, жырлаймын Қазақша Сезем, ренжим, бұлдайм Жазам, сынайм, талдайм сыйлаймын Қазақша Құлағымда қазақша ән Тамырымда қазақы қан Кеудемдегі қазақы жан. Терезем тең Артық емес Емес кем Chorus Сүйем, ойлайм, күлем Күйем, жылайм, қалайм, жырлаймын Қазақша Сезем, ренжим, бұлдайм Жазам, сынайм, талдайм сыйлаймын Қазақша
Арманым менің, Аяулым едің, Табысар бізге күн бар ма? Толассыз іздеп, даланы кезсем, Қоятын маған сын бар ма? Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Тыңдайды гүлің бұлбұлдың үнін, Сағынып сені армандай. Күткенмен, күнім, келмейсің бүгін, Тағдырдың жолы тар қандай. Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Айтатын әнім, күтетін таңым Өзіңсің, жаным, жалғанда. Шын сүйсе жүрек, Аңсайды тілеп, Өзге ойы оның болған ба!
Көк аспаннан жаңбыр баяу төгілгенде Ақ бұлттардан әсем бейне көрінгенде Сұлулығын ойлайсың ба бұл өмірдің Ұлылығын жүрегіңмен сезінгенде Көрсетіп жалғандықтың аз жағын Көтертіп бар шындықтың салмағын Ауыр салмағын Қиындық өтсе, жарық бар алда Жетесің "жеңіс" деген аралға Әсем аралға Көк аспаннан жаңбыр баяу төгілгенде Ақ бұлттардан әсем бейне көрінгенде Көрсетіп жалғандықтың аз жағын Көтертіп бар шындықтың салмағын Ауыр салмағын Қиындық өтсе, жарық бар алда Жетесің "жеңіс" деген аралға Әсем аралға Жан-жағыңнан қараңғылық қоршағанда Бір сәуле бар көрінетін аңсағанға Жүрегіңнен, жүрегіңнен жарық сұра Қарсы алдыңнан жол көрсетер ол саған ақ
Ұстап сезбесе көрінбейді көп өтірік Көлгірсіген паңдар Себебін іздеп,шынықты торламаңдар Безеді өздері,қырсық бос адамдар Мейлі мейлі мейлі Тек бас аман,бар Доңыз нәпсін ештеңеге тойа алмай зар, Ертең кешке Ертең бесте,деп алдай сал Көздеріңе көрінбейді неткен іш тар Мейлі мейлі мейлі Тек бас аман,бар қ/сы: х4 мейлі мейлі мейлі мейлі, бопты, мейлі мейлі мейлі мейлі Бос уақытқа бай, Майдаланған сөздер, қандай мұң Пайда үшін дайын адамдарды көрдім ұнамайтын Елдің бәрін жамандап, өзі қандай түң, Өзіңді көрмесең, сен емес мені тазалайтын. Ес кірседе, ескірмес сөз енді не дейін, Сөз өткір, өтсін мен енді дем берейін?! Әңгімем өтпед(і)десең, жүрегің керең! Мейлі мейлі мейлі мейлі енді не дейн?!
Сол бір кез есімде, Жағасы бұлақтың, Айлы жаз кешінде Сырласқан ұзақ түн. Сүйкімді бейнеңді Жүректе сақтадым. Арманым, сол жерден Сен едің тапқаным. Тағы да сол жерге Оралдым қайтадан. Әлі тұр гүлдер де, Самал жел шайқаған. Қол бұлғап жырақта Тау да тұр аңсаған. Сен жоқсың, бірақ та, Қайдасың, қалқажан?! Көруге жаралған, Сен бейне айнасың. Өзіңсіз таба алман Сағыныш айласын. Көрінші, көңілге Қуаныш жайласын. Аңсадым жүзіңді, Қалқатай, қайдасың?!
Сен жазғы жарық түнде жылы самал болып естің, Мен естімеген мүлде жұп-жұмсақ ләззат күй кештім. Ең нәзік сезім болып, ең бақытты кезім болып, Болса да кең жүрек, мейлі, Сен ұқсап елжіретпейді ешкім. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар, Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар. Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар. Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар, Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін. Түн - қара шашың сенің, тұнғиық, қою қалың. Күн - от сезімім менің, күйдіріп жіберер бәрін. Мұң - үнсіз сырымыз, бірімізбен біріміз Тілдескен кез алыстан, түндерде тілсіз табысқан, жаным. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар, Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар. Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар, Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар. Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар, Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар. Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін. Миллион, миллион, миллион жұлдыз бар, Миллион жұлдыздан әдемі бір қыз бар. Миллион, миллион, миллион сөздерің Суреттеп бере алмас ол қыздың көздерін.
Барыңды бағалап, бағыңды аралап, Сағындырады сол қыз, жанымды жаралап. Мен саған асық едім, сыртыңнан қарап-ақ. Сен сұлу едің, сен сұлу едің — Бірінші махаббат. Сен 18-де едің, сезімім саған ақ. Мен саған ғашық едім — Бірінші махаббат. Сен 18-де едің, сезімім саған ақ. Мен саған ғашық едім — Бірінші махаббат. Баяғы ақ көйлегің көркіңе жарасқан, Қаншама ғашық жүрек өзіңе таласқан. Көргенде тіл байланып, есінен адасқан. Сен сұлу едің, сен сұлу едің — Бірінші махаббат.
Көңіл күйім Түсті бүгін тағы да Сағынтып жүр мені үйім Жүрегімнің шектері ойнап осы күйін Қандай түйін екенін шешу қиын Сені сүйем, маған ешкім ұнамайды Сені сүйем Жаныңда ешкім тұра алмайды Жүрек тұра алатындар көп деп алдайды сені сүйем Түйіні осы екен Әр бір әндеріме қайтсемде мен сені қосып кетем Неліктен барлығы осылай маған болады десем Бұның барлығының шешімі осы екен Сені сүйем, маған ешкім ұнамайды Сені сүйем Жаныңда ешкім тұра алмайды Жүрек тұра алатындар көп деп алдайды сені сүйем Сені сүйем, маған ешкім ұнамайды Сені сүйем Жаныңда ешкім тұра алмайды Жүрек тұра алатындар көп деп алдайды сені сүйем
Байлық сенің жан-жараңды емдей ме? Жар болуды қаламайсың мендейге. Сонда сенің махаббатың болуға Материалдық жағдайым келмей ме? Іздейді ме байдың қызы бай ғана? Мен жердемін, сендік көңіл Айда ма? Қарапайым отбасында ер жеткен, Шаруаның баласымын жай ғана. Ақ арманы Айдан биік, Айдана, Бақытыңды байлық үшін байлама. Мен ауылда тұрғым келеді өзіңмен, Ал сеніңше, қалағаның қай қала? Алдыңда кінәсі бар адамдай Жүрмін әлі көңіліңді таба алмай. Болмасам да сен іздеген бай адам, Болғаным жетпейді ме саған бай? Іздейді ме байдың қызы бай ғана? Мен жердемін, сендік көңіл Айда ма? Қарапайым отбасында ер жеткен, Шаруаның баласымын жай ғана. Ақ арманы Айдан биік, Айдана, Бақытыңды байлық үшін байлама. Мен ауылда тұрғым келеді өзіңмен, Ал сеніңше, қалағаның қай қала? Іздейді ме байдың қызы бай ғана? Мен жердемін, сендік көңіл Айда ма? Қарапайым отбасында ер жеткен, Шаруаның баласымын жай ғана. Ақ арманы Айдан биік, Айдана, Бақытыңды байлық үшін байлама. Мен ауылда тұрғым келеді өзіңмен, Ал сеніңше, қалағаның қай қала?
Жанашырым — ана, дара шыңым — ана, Бар асылым — ана, шуағымсың. Бағбанымсың — әке, зор бағымсың — әке, Қорғанымсың — әке, шырағымсың. Қайырмасы: Ана, аяулым, өзіңмен мақтанамын. Ана, мен сені Меккеге апарамын. Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың. Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын. Әке, мен сені Меккеге апарамын. Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың, әке! Өмір берген маған, көңіл бөлген маған, Сенім берген маған, ай күнімсің. Қамқорларым дана, сүйенішім дара, Әке менен ана — байлығымсың. Қайырмасы: Ана, аяулым, өзіңмен мақтанамын. Ана, мен сені Меккеге апарамын. Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың. Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын. Әке, мен сені Меккеге апарамын. Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың, әке! Қайырмасы: Ана, аяулым, өзіңмен мақтанамын. Ана, мен сені Меккеге апарамын. Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың. Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын. Әке, мен сені Меккеге апарамын. Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың, әке!
Өткізген қанша жыл, айды, Көңілім саған құлайды. Жүргенің мәз боп күлегенің Ұнайды маған, ұнайды. Қайырмасы: Сен жайлы ойлар өртеді, Аңсаймын іздеп көшеден. Шәй ішіп кетсең қайтеді Мен ұсынған кеседен? Сен жайлы ойлар өртеді, Аңсаймын іздеп көшеден. Шәй ішіп кетсең қайтеді Мен ұсынған кеседен? Жүрегім үнсіз езіліп, Жүруші ем, содан маза жоқ. Мен болсам, тұрдым үзіліп, Сен болсаң, кеттің аға боп. Қайырмасы: Сен жайлы ойлар өртеді, Аңсаймын іздеп көшеден. Шәй ішіп кетсең қайтеді Мен ұсынған кеседен? Сырымды ашып айта алмай, Үзілмей үміт әлі күн. Жылжыды жылдар байқалмай, Сүйгенім болар айыбым. Қайырмасы: Сен жайлы ойлар өртеді, Аңсаймын іздеп көшеден. Шәй ішіп кетсең қайтеді Мен ұсынған кеседен? Шәй ішіп кетсең қайтеді Мен ұсынған кеседен?
Қазақ болып тумағанда нетер ем? Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем. Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда, Аламанда ат оздырмай кетер ем. Қазақ болып тумағанда нетер ем? Өкінішпен өртенер ем өте мен. Қасиетті домбыраны қолға алмай, Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем. Қайырмасы: Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ. Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ. Бір қазақтың бақыты мен бағына Барша үнімен қуанса екен бар қазақ. Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ. Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ. Қазақ болып тумағанда нетер ем? Қалай басқа байрақтарды көтерем? Жеті бірдей қазынамнан айырылып, Жеті атамды жаттай алмай кетер ем. Қазақ болып тумағанда нетер ем? Қонақжайлық жайын білмей өтер ем. Қымыз, шұбат, қазы-қарта, құрт-майсыз, Қадір қашып, қарным ашып өтер ем. Қайырмасы: Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ. Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ. Бір қазақтың бақыты мен бағына Барша үнімен қуанса екен бар қазақ. Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ. Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ, бір қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ. Қайырмасы: Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ. Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ. Бір қазақтың бақыты мен бағына Барша үнімен қуанса екен бар қазақ. Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ. Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ. Қайырмасы: Мен қазақпын, бойымдағы қан — қазақ. Мен қазақпын, мен шырқайтын ән — қазақ. Бір қазақтың бақыты мен бағына Барша үнімен қуанса екен бар қазақ. Мен қазақпын, түрім — қазақ, тіл — қазақ. Мен қазақпын, мен айтатын жыр — қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ, бір қазақ. Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ, Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ.
Шын ғашықтар қосылмайды, Кім шығарған осындайды? Алтын қақпа әрбір жүрек, Махаббатсыз ашылмайды. Сүйген жандар адал келер, Ақ жүректі адамға ерер. Шын ғашықтар қосылады, Әкем — куә, анам — дәлел. Қайырмасы: Эй, адамдар, не десе де, о десін, Бекежандар ата берсін жебесін. Мен сендікпін, сен мендіксің, көнесің, Жүрегіме жалғыз өзің егесің. Біз екеуіміз қосылайық, жарай ма? Шын ғашықтар қосылмайды демесін. Эй, адамдар, не десе де, о десін, Бекежандар ата берсін жебесін. Мен сендікпін, сен мендіксің, көнесің, Жүрегіме жалғыз өзің егесің. Біз екеуіміз қосылайық, жарай ма? Шын ғашықтар қосылмайды демесін. Шын ғашықтар қосылмайды, Кім шығарған осындайды? Адал сүйген адамдардың Аралары ашылмайды. Жалған-жалған бұл аңыздар, Бәріміздің куәліміз бар. Шын ғашықтар қосылады, Ата-әжемнен сұраңыздар. Қайырмасы: Эй, адамдар, не десе де, о десін, Бекежандар ата берсін жебесін. Мен сендікпін, сен мендіксің, көнесің, Жүрегіме жалғыз өзің егесің. Біз екеуіміз қосылайық, жарай ма? Шын ғашықтар қосылмайды демесін. Эй, адамдар, не десе де, о десін, Бекежандар ата берсін жебесін. Мен сендікпін, сен мендіксің, көнесің, Жүрегіме жалғыз өзің егесің. Біз екеуіміз қосылайық, жарай ма? Шын ғашықтар қосылмайды демесін. Эй, адамдар, не десе де, о десін, Бекежандар ата берсін жебесін. Мен сендікпін, сен мендіксің, көнесің, Жүрегіме жалғыз өзің егесің. Біз екеуіміз қосылайық, жарай ма? Шын ғашықтар қосылмайды демесін.
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе, Еркелеген балдай тәтті сөзіңе. Қылығыңмен баурап алдың жанымды, Қарай бердім нұрға толы жүзіңе. Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн! Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн! Аңсап күткен арманым – сен, Алаулаған таңдарым – сен. Алақандай аялайтын Аңсарым да, ардағым – сен. Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін, Сөндіре алмас сезімімнің жалынын. Бақыттымын бұл әлемде, сені егер Тағдырыма тарту етсе Тәңірім. Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн! Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн! Аңсап күткен арманым – сен, Алаулаған таңдарым – сен. Алақандай аялайтын Аңсарым да, ардағым – сен.
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны – Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Қосамын әнге атыңды, Тосамын әр хатыңды. Сағындым алма бағын, Арайлы Алматымды. Сағындым аққу үнді, Сағындым ақ гүлімді. Алматым, сыйладың сен Шабытты шаттығымды. Еске алсам Көктөбені, Жаныма от береді. Алғашқы махаббатқа Куәгер – Көктерегі. Әкелген бар бағымды, Сағындым таңдарыңды. Алматым, сені ойлаумен Жалғадым арманымды. Қалайды жаным жырды, Болмайды әнім мұңды. Пәк көңіл, ақ жүректі Достарым сағындырды. Аспанын астананың, Сағындым жастар әнін. Сағындым шыңдарыңды, Алатау – асқаралым! Ғашықпын жауыныңа, Талпынған тау ұлына. Сағынып жетем саған, Бас мені бауырыңа!
Па, шіркін, япырмай! Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Руым көп, солардың аттарындай, Мінезім бар таулардың қатпарындай. Жырым бар бабалар хаттарындай, Әжімім бар бейнеттің таттарындай. Қашан қазақ атандым мен азандап? – Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат, адамзат! Есіміме береді бала жасын, Құлпытасты шұқыған кей азамат. Ару – жолда, мал – терде, бала – белде. Уайым түбі – теңіз ғой, бара берме, у-о-о! Жігер керек, жыр керек, жалау керек, Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге, о-о-о! [Қайырмасы] «Бұл кім?» десең, Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар. «Бұл кім?» десең, Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар. Па, шіркін, япырмай! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар! Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен қазақпын, қырғыз – ол туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанын. Анамыз да қаракөз бір қыз, бәлкім, Бөліп берген егізге уыс нанын. Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен, Еуропа да, Азия да емеспін мен. Аралықпын, жетінші материктей, Бірақ барша адаммен тең өстім мен. Мен – қазақпын, Байтақ елмін. Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске. Айта бергім келеді, Айта бергім! [Қайырмасы] «Бұл кім?» десең, Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар. «Бұл кім?» десең, Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген! Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар
Өзіңмен Арыстың Бойында таныстым. Жайнаған гүлдей, құрбым сен, Жағада тұрдың сен. Қайырмасы: Жаз еді күлкің де, Қайдасың бұл күнде? Сені іздеп арманым Сыр бойын шарладым. Алдыңда бір бақыт Тұрғандай тіл қатып. Толқынға қарап ойлана, Әндеттің жай ғана. Қайырмасы: Нұр шашып өзіңнен, Бір нәзік сезіммен, Жібектей шашың толқындап, Қалып ең қол бұлғап. Қайырмасы: Кете ме осылай, Әніміз қосылмай? Аяулы таңым сен едің, Көрсем деп келемін. Қайырмасы.
Жаным, саған сыр ақтарамын, Ақ арманым сен едің-ай. Сағым күндер ұзап барады, Сағындырдың неге бұлай?! Қоштасуды жаның қаламай, Қимай-қимай бір қарадың. Қиналсаң да кеттің қарамай, Жүрегімді тыңдамадың. Айтқаныма жүрек көнбейді, «Бар бақытым – жалғыз сен», – дейді. Қолым жетпес арман бол, мейлі, Үміт оты мәңгі сөнбейді. Еркелейсің түсіме енгенде, Елесіңмен тілдесемін. Сені, жаным, түсінем мен де, Мен де, жаным мұң кешемін. Ғажабыңды өлең етермін, Әнім болдың жүрегімде. Ажарыңды көрер ме екенмін, Аңсауменен жүремін бе?!
Бір сұлуға арнадым бір сұлу өлең, Кейіпкері кім шыныменен? Ән-жырымның ырғағы сәйкес келеді Жүрегінің дүрсіліменен. Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, тәтті күйімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің. Саз төккелі сан түрлі махаббат терме, Есіміңді атап өткенде. Сақтаулы тұр жеті әріп боп, жеті әуен боп, Жүректейтін нота дәптерде. Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, тәтті күйімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің. Ескендірдің әніндей естілген елге, Махаббатың ескірмегенде. Күбірлеген кеудемнің сол жағында Соль кілтіңді ешкімге берме. Қайырмасы: Шалқып көңіл, шаттық үйілсін, Әсем әуен, тәтті күйімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің. Көңіліме түрлі ой салған, До ре ми фа соль ля сиімсің.
Қарасаң маған күліп, Қаламын саған жылып. Мені шын ғашық етті Сендегі табандылық. Келген бақ сыйлау үшін, Тағдырдың сый бағысың. Сен менің жүрегімнің Мәңгілік мейманысың. Қайырмасы: Мен үшін сен, сен, Сенің көзің әдемі. Ішінде мен, мен, Менің бейнем бар еді. Кеудемді сен, сен, Мекен еткен жан едің. Өзің ғана. Мен үшін сен, сен, Сенің күлкің әдемі. Себебі, ол, ол Жүрегімнің бар емі. Мен үшін шын, шын, Махаббаттың әлемі — Өзің ғана. Бейнесін әр күнімнің Сен ғана мәнді қылдың. Айналды сыңарына, ай, Тағдырым тағдырыңның. Бақытты өмір үшін Маған шын көңіл ұсын. Себебі, жаралғанбыз Біз бірге болу үшін.
Сен үшін күн алаңдар, түн алаңдар, Бәрінің жан аяулы бір анаң бар. Перзент боп ақтамасаң ана сүтін, Жер басып жүрмей-ақ қой, ей, адамдар! Қайырмасы: Анамның ақ жаулығы аппақ, аппақ, Айналдым пейіліңнен қардан аппақ. Анашым, ақ батаңның арқасында Басымда тұрады әркез бақ қонақтап. Шықсам да қиял жетпес қияға бір, Ойыңа жақсылығын жиі ала жүр. Зар болып жан анасын бір көруге, Аз ба екен мұңайған қыз жылағаны? Қайырмасы: Анамның ақ жаулығы аппақ, аппақ, Айналдым пейіліңнен қардан аппақ. Анашым, ақ батаңның арқасында Басымда тұрады әркез бақ қонақтап. Гүліндей алма ағаштың аппақ, аппақ, Үлгі етем пейіліңді көпке мақтап. Қасымда асыл анам өзің барда, Басымда тұрады әркез бақ қонақтап.
Ауыл менен қала, көше менен дала, Сені іздедім мен, сені ғана. Ауыл менен қала, галактикада ма? Тілеген іздемей, табылар ма? Сен жоқсың, жоқсың, таба алмадым сені, Сен жоқсың, жоқсың, іздемейсің мені. Сен жоқсың, жоқсың, бар болсаң, қайдасың? Сен кімсің? Жүрсің қайда? Қайырмасы: Алматыда жоқ, жоқ, Астанада жоқ, жоқ. Сені іздедім, үмітті үзбедім. Ақтөбеде жоқ, жоқ, Шымқалада жоқ, жоқ. Сені іздедім, үмітті үзбедім. Қазақ па екен өзі?! Ғажап па екен сөзі? Түсер маған қашан оның көзі?! Мейлі, таз болса да, ақшасы аз болса да, Ер-жігіттің көркі — ой мен сана. Ал, сен жоқсың, жоқсың, таба алмадым сені, Сен жоқсың, жоқсың, іздемейсің мені. Сен жоқсың, жоқсың, бар болсаң, қайдасың? Сен кімсің? Жүрсің қайда? Қайырмасы: Алматыда жоқ, жоқ, Астанада жоқ, жоқ. Сені іздедім, үмітті үзбедім. Ақтөбеде жоқ, жоқ, Шымқалада жоқ, жоқ. Сені іздедім, үмітті үзбедім.
Неге, неге қоштастық біз алға қарамай, Арайлап атар таңға қарамай? Неге, неге бірге жүрмін тауға қарамай, Бауға қарамай? М-м-м-м-м… Қайырылады өмір теңіз жағалауында, Дауыл соққан қайықтай боп қалған жағада. Қайырмасы: Кешір мені, жаным, Сезіміңді алдадым. Бақытымен жалғыз бұл жалғанда… Кешір мені, жаным, Сені ұмыта алмадым. Айналдым-ау сағым нұрлы арманға. Екеуміздің жүрегіміз жалғыз. (2 рет) Неге, неге көңіліме гүл ектің, жаным? Жан сарайымды гүл еттің, жаным. Бақытты бол, саған айтам тілектің бәрін. Тілекшім, бағым, бағым… Жүрегі жоқ жанның жеңіл өмірі қандай? Жетімдігі ауыр екен жүректің жаны…
Аңсаған арманым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсың, арайлым. «Кешікпей келем», — деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Қайтемін кінәлап бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені. Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде «Кешікпей келем», — деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Көшеде сырласып, шалқып басып, Құрбылар барады қолтықтасып. Тағатым таусылды, Аңсадым даусыңды. «Кешікпей келем», — деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.
Алматының алмасы, Күннің қызыл түсіндей. Ұсынғанда алмайсың, Жүрмін, сәулем, түсінбей. Қайырмасы: Кеткенің бе, сәулем-ай, Алма жүзің алаулап. Менің дағы қалды-ғой, Жүрегімде ән ойнап. Қызыл таңнан тұрам да, Қызыл алма жинаймын. Алатаудың апортын Сәулем, саған сыйлаймын. Қайырмасы: Кеткенің бе, сәулем-ай, Алма жүзің алаулап. Менің дағы қалды-ғой, Жүрегімде ән ойнап. Жалындаған гүл едің, Құрбылардың ішінде. Алма сыйлап жүремін, Өңім түгел түсімде.
Мереке күніңмен, Қарсы алам өзіңді. Сәбилік үніммен Арнаймын сөзімді. Қайырмасы: Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал балаңның Сәлемін жолдаған. Бөбегің оянса, Ұйқыңнан мың тұрдың. Гүліңмен балауса, Көктемдей құлпырдың. Қайырмасы: Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал балаңның Сәлемін жолдаған. Аялап алақан, Әлпештен өсірген, Аяулы жан анам, Қатемді кешірген. Қайырмасы: Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал балаңның Сәлемін жолдаған. Сырымды ұғатын Өзіңсің – қуатым. Күнімсің шығатын, Айымсың туатын. Қайырмасы: Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал балаңның Сәлемін жолдаған.
Балауса қыз едің бір кезде, Шашыңа ақ бантик байлаған. Өзгеріп кетіпсің бұл күнде, Көркіңе көз тастап, ойланам. Нұрлы бейнең қандай жарқын, Арманысың қандай жанның. Шынарым-ай, Сен мөлдірсің, еркем, Тау бұлағындай. Жол жатыр шақырып алдыңда, Өмір тұр ұсынып шаттығын. Білмеймін, ержетіп қалдың ба? Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін. Нұрлы бейнең қандай жарқын! Арманысың қандай жанның? Шынарым-ай, Сен мөлдірсің, еркем, Тау бұлағындай. Жылдардың еркіне бағындың, Жылдарға қол создың, жан құрбым. Белгісін балалық шағыңның, Айтшы, сен қай жерде қалдырдың? Нұрлы бейнең қандай жарқын! Арманысың қандай жанның? Шынарым-ай, Сен мөлдірсің, еркем, Тау бұлағындай.
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей. Құстар, құстар сызылтып ән салады, Сол әнімен тербетеді даланы. Ал адамдар күліп бастап өмірін, Кетерінде жылай да алмай қалады. Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе? Тамаша әнмен келіп еді көктемде. Өскен жерге сыймай кетіп барады, Өскен жерін қимай кетіп барады.
Той басталды Отырарда, Сырдың сұлу бойында. Кеудесінде оты жанған, Қызылқұмың қойнында. Аңыздарда аты қалған, Талай ақын толғаған. Осындай той Отырарда Бұрын-соңды болмаған. Қайырмасы: Туған елім, Өскен жерім, Асқар белім, Сенсің – әнім менің, Сәнім менің. Алақандай аялаған Арманым да – өзіңсің. Ақ тілегін аямаған Ардағым да – өзіңсің. Сендегі жас, кәрінің де Қуанышы мол болсын! Қазағымның әр үйінде Дәл осындай той болсын! Зіл қара жер қозғалғандай Палуандар алысқан. Қызғалдақтай қыздар қандай Көз тартады алыстан. Сол қыздар да Отырардан Жүрек отын жалғаған Осындай той Отырарда Бұрын-соңды болмаған. Қайырмасы. Отырардың күні бүгін Қайта туды жарқырып. Жырлап жатыр ұлылығын Барлық аймақ-атырап. Әнмен бірге тербетілем, Күймен бірге толғанам. Осындай той Отырарда Бұрын-соңды болмаған. Қайырмасы.
Көзімді жұмсам да көрем сені, Еседі арманның қоңыр желі. Куә бол, Алатау, бақытыма, Куә бол, көк терек көлеңкелі. Қайырмасы: Куә бол, Айым, Куә бол, жұлдыз, Куә бол, Алатауым! Көп іздеп, мен бүгін оны таптым, Бастадым бір әнін махаббаттың. Ақ қайың аялап арманымды, Куә боп, көк өзен, күліп жаттың. Қайырмасы: Куә бол, Айым, Куә бол, жұлдыз, Куә бол, Алатауым! Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан, Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан. Алданба, жүрегім, енді қайтып, Арманға кезінде есік ашқан. Қайырмасы: Куә бол, Айым, Куә бол, жұлдыз, Куә бол, Алатауым!
Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен Бақыт көріп ем қара көзіңнен. Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың, Жібін үздің ғой нәзік үміттің. Әнім сен едің кеште салатын, Содан жас жаным ләззат алатын. Шамын басқа үйдің жақтың, аяулым, Сендей бақытты қайдан табармын?! Бақтар гүлдеді біздің қырдағы, Жаңбыр жауды да, көктем жырлады. Өткен күндерден бүгін жоқ белгі, Тұрып қасыңда көрдім көктемді. Тағы келді ғой, құстар ән салып, Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып. Сенсіз атты таң, сенсіз батты күн, Мәңгі ұмыттың ба мені, шаттығым?
Аумайсың жас баладан, жас баладан, Ақ көңілім, сен менің. Өзіңді іздеп астанадан, Құстай ұшып келемін-ай, жеңеше-ай! Аққуындай Аралдың, Қандай нұрдан жаралдың? Жадыраған жаның гүлдей, жеңеше-ай, Мінезіңді сағындым ғой, Аралдағы жеңеше-ай! Жеңеше-ай, еркелейін, еркелейін, Сенің ерке жаныңа. Бұлбұл әнін мен төгейін, Өзің еккен бағыңа, беу, жеңеше-ай! Аққуындай Аралдың, Қандай нұрдан жаралдың? Жадыраған жаның гүлдей, жеңеше-ай, Мінезіңді сағындым ғой, Аралдағы жеңеше-ай! Жеңеше-ау, ақ жүректі, пәк жүректі, Ағаның өзіңдейсің. Кездеріңді сағындым ғой, Наздана әзілдейтін. Аққуындай Аралдың, Қандай нұрдан жаралдың? Жадыраған жаның гүлдей, жеңеше-ай, Мінезіңді сағындым ғой, Аралдағы жеңеше-ай!
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым – сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған. Құлындаймын асыр салған аңғарда, Қозыңдаймын асыр салған албарда. Өзің барда қысылмаймын күлуге, Жылауға да қысылмаймын сен барда. Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. Сенің жаның жүрегіме ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі. Тұра тұршы, түзелгенше бұзығың, Жүре тұршы, жалғанғанда үзігің. Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау, Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Өзің едің тірегім де, Жыр боп тұндың жүрегімде. Мені сендей түсінетін Кім бар екен бұл өмірде?! Күн туса да толқымалы, Толқымалы, шалқымалы. Сен ешқашан өзгертпедің Пікіріңді мен туралы. Әнін әнге жалғасын деп, Келеді арман алға сүйреп. Менің кемем өрге жүзсе, Сен қуандың алғаш рет. Астына алып қанатыңның, Нұрын шаштың жан отыңның. Мен мұңайған кезеңдерде Қасымда ылғи сен отырдың. Саған мәңгі борыштармын, Көңіліме қоныстандың. Азаматтық ажарыңа Мақтау айтсам, намыстандың. Жарқын құшақ жайған, айым, Сеніміңе сай болайын. Маған сенген жүрегіңнің Дүрсілінен айналайын.
Арманым, ақ сәулелі күнімбісің? Әлдебір алаулаған гүлімбісің? Әлдебір желпіп өткен самал ма едің? Арманым, айтарым көп саған менің. Қайырмасы: Асыл арман, асыл арман, Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің? Асыл арман, аспанымда жарқылдаған, Құсым ба едің? Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім. Арманым, құздан құлар бұлақпысың? Әлдебір күлімдеген шырақпысың? Әлдебір албыраған ай ма екенсің? Арманым, айтшы маған, қайда екенсің?
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны-ау деп білем. Қайда жүрсем, Атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны-ай батады екен. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем. Қайда жүрсем, Атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен. (Күннің өзі ұясына, Қимай оны батады екен.) Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Асқар тауын аспаныммен таласқан Қазағымның мәртебесі деп білем. Қайда жүрсем, Атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен. (Күннің өзі ұясына, Қимай оны батады екен.)
Күндіз-түні бір тынбай, Дала кезген шапқылап, Құмар едім өзіңе Бала кезден, Ақбұлақ. Әнге бөлеп маңайды, Асып-тасып жатасың. Ақ моншақтан аспанға Шашу шашып жатасың. Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған. Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған. Айналайын, Ақбұлақ, Асыр салғам жағаңда. Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба?! Арудайын еркелеп, Мың бұралған, Ақбұлақ. Айдын көктен ғашық боп, Күнді ұрлаған, Ақбұлақ. Сен болмасаң, қыр гүлі Ашылмайды, Ақбұлақ. Саған деген құмарым Басылмайды, Ақбұлақ. Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған. Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған. Айналайын, Ақбұлақ, Асыр салғам жағаңда. Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба?!
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейнебір баласындай, Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен. Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан, Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Шолпан жұлдыз – өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!
Тағдырға бағындың ба, Жібек мұң жамылдың ба? Мені аңсап, аяулым-ай, Сен мені сағындың ба? Малынып жаның мұңға, Өмірдің ағымында, Сағымдар арасынан, Сен мені сағындың ба? Сағындың ба? — 2 рет. Сағындың ба? — 4 рет. Тербеліп жаным жырға, Әуелеп әнім мұңға. Мені іздеп ен даладан, Сен мені сағындың ба? Аңсаудан арылдың ба, Сезімге табындың ба? Көз ілмей ойлай-ойлай, Сен мені сағындың ба? Сағындың ба? — 2 рет. Сағындың ба? — 4 рет.
Қыздарға әсемдік жарасады, Ай көркі биіктетер аласаны. Болмаса сұлу қыз, ару әйел, Табынып ер кімдермен таласады? Өрімтал, көркем, сұлу мүсін, Көргенде қайран қап, күюің шын. Мың ақын жырласа, тіл жетпейтін, Бұл қыздар жаралған тек, Бұл қыздар жаралған тек сүю үшін. Қана алмас құмарың, қарасаң да, Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да. Жердегі аруға жетер емес, Аспанның мың жұлдызын баласаң да. Жүздірер жүректі нұрлы үмітке, Басыңа қоятын мұңды үйіп те. Қиял мен жұмбақтан жаратылған, Қыз ару қалар мәңгі бұл биікте. Шалқытып шаңырағын тамашаның, Бақытын от басының жар ашады. Тірліктің туы, мәні — ұрпақ деген, Аруға ана болу жарасады. Көктегі Ай, Күндей дара тұлға, Қыз десе, дүние, дала тынған. Қазақтың намысы — ару қыздар, Мәңгі өлмес арман жырдан жаратылған.
Ғашықтар халқы ұлылық күтті, Орындалмасын кім білген. Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті Ұзқтау екен шын гүлден. Көршінің қызы керемет еді, Әкесі оның – жақсы адам. Ауылдан біздің неге кетеді, Ауа райы ма жақпаған? Ол қызға берер антым да дайын, Сағына білдім әр тәулік. Алты құрлыққа атыңды айтайын, Алфавиттегі алты әріп. Көршінің қызы керемет еді, Әкесі оның – жақсы адам. Ауылдан біздің неге кетеді, Ауа райы ма жақпаған? Ештеңе етпес кідіріп келсе, Уақыттың ұзақ көшінен. Естелік үшін бір күліп берсе, Ажалдың өзін кешірем. Көршінің қызы керемет еді, Әкесі оның – жақсы адам. Ауылдан біздің неге кетеді, Ауа райы ма жақпаған?