This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ес кімде бар?
B1 - Intermediate · 176 words

Ес кімде бар?

Audio player
0:00 --:--
Әлімжан мен әжесі бірге тұрады. Екеуінің мінездері ұқсайды. Олар кішкентай нәрсеге қуанып, тез өкпелейді. Кейде бірден ашуланып кетеді. Бірде әжесінің: Әкең бар болсын сенің. Есалаң неме. Қолшатырын ұмытып кетіпті, - деп сөйлеп жүргенін есітеді. Әлімжан ойыншықтарымен жиі ойнайды. Ойыншықтарының кейбіріне көңілі толмаса, әжесінен естіген жаман сөздерін айтып ұрысады. Оларға: «Сендермен естерің кіргенде сөйлесемін», - деп бұрышқа теріс қаратып тұрғызып қояды. Әлімжанның үйінде мысығы бар. Бала мысық оның аяғына жармасып ойнайды. Әлімжан оған да ұрысады, оны қорқытады. Бірде мысығына ұрысып жатқанда аузындағы сағызы жерге түсіп кетеді. Мектептен енді келген ағасы Әділет сағызды бірінші көріп, жерден ала салып, шыны сөренің ішіндегі көк кесенің астына тығып жібереді. Ал Әлімжан түсіріп алған сағызын іздеп таба алмайды. Бала мысық екеуі үйдің әр бұрышын қарайды. Ас үйді де ұзақ іздейді, бірақ сағызын таба алмайды. Біраздан соң шкафтың шыны сөресінде тұрған көк кесенің астындағы сағызды көреді. Кесеге жабысқан сағызды аламын деп жүріп, бір шыны табақты түсіріп алады. Табақ жерге түсіп, сынады. Дәл сол кезде Әділет пен әжесі де келеді. Сонда Әлімжан: «Шыны сөреге сағызды тыға ма, маған көрініп тұр ғой», - деп күледі.
Н. Құмар. «Үркер» газеті, 16 қазан 2014.