This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ес кімде бар?
B2 - Upper Intermediate · 220 words

Ес кімде бар?

Audio player
0:00 --:--
Әлімжан әке-шешесі жұмысқа кеткенде әжесімен бірге үйде қалады. Әжесі екеуінің мінездері бір-біріне ұқсайды. Тез қуанып, тез өкпелейді. Әжесі үйдегілердің жасаған іс-әрекеттерін ұнатпаса, арттарынан «есалаң», «есіз», «су ми» деген сияқты сөздер айтып жүреді. Әлімжан әжесі айтқан жаман сөздердің барлығын жаттап алады. Әжесінің артынан қайталап айтып жүреді. Бір күні Әлімжан бөлмеде ойыншықтарымен ойнап отырады. Ол өз ойыншықтарына көңілі толмай, оларға ұрысады. «Ессіз», «сандырақ», «миғұла», «мақұлық» деген сөздерді айтып, ойыншықтарына өкпелейді. Әп-әдемі қуыршақтарын ренжігендей түр танытып, теріс қаратады. Ойыншықтарына: - Естерің кіргенде, сендермен сөйлесемін. Оған дейін осылай тұрасыңдар, - деп күн сайын ойнап жүрген ойыншықтарын бұрышқа тұрғызып қояды. Әлімжан аузынан сағызын тастамайды. Талайын құлағының артына жабыстырды. Онысы шашқа жабысып, қиналған сәттері де көп болды. Әлімжанның мысығы бар. Бала мысығы Әлімжанның қасынан шықпайды. Әлімжан оны да кейде қорқытады. Бірде мысықпен әуреленіп жүргенде, оның аузындағы сағызы жерге түсіп қалады. Мектептен келген Әділет оны тез байқап, дереу сағызды алады да, қайда қоярын білмей, шкафтың ішіндегі көк кесенің астына жабыстыра салады. Әлімжан мен мысығы үй ішінен сағызын әбден іздейді. Олар үйдің әр жерін қарап тексереді. Дегенмен сағызды таба алмайды. Бір кезде шкафтың шыны сөресіндегі көк кесенің астынан сағызды көріп қалады. Оны орындыққа шығып алайын деп жүргенде шыны табақты жерге түсіріп алады. Табақ сынады. Тура сол кезде әжесі мен Әділет те кіріп келеді. Ал Әлімжан болса: «Ағам есі болса, шыны сөреге сағызды тыға ма?» - деп күліп жібереді.
Н. Құмар. «Үркер» газеті, 16 қазан 2014.