This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Түлкі, тасбақа һәм кене
A2 - Elementary · 163 words

Түлкі, тасбақа һәм кене

Audio player
0:00 --:--
Баяғыда түлкі, тасбақа және кене дос болған екен. Олар бір күні тары тауып алады. Тарыны егіп, тары піскен соң бөліп алуға келіседі. Түлкі жұмыс істегісі келмейді. Ол бір жардың түбіне жатып: – Мен осы жарды сүйеп тұрайын, әйтпесе құлап кетеді, - дейді. Тасбақа жерді жыртады, ал кене оған көмектеседі. Екеуі көп еңбек етіп, піскен тарыны жинап алады. Сол кезде түлкі: – Мұны үшке бөлу үшін жарысайық. Кім бірінші келсе, тарыны сол алсын, - дейді. Жарыс басталады. Кене түлкінің аяғына жабысып алады. Түлкі қырманға жетіп, отырғысы келеді. Сонда кене: – Әй, түлкі мені басып өлтіресің бе? - дейді. – Ай... сен қашан келдің? - деп сұрайды. – Сен бағана «кеттік» деп айттың, сол кезде келдім, - деді кене. Екеуі дауласады. Аздан кейін тасбақа келеді. Ол: – Ойбай, түлкі, екі қара аты, қара бүркіті және екі иті бар адам сені іздеп жүр, - дейді. Сонда түлкі: – Айналайындар, мені оларға айтпаңдар. Тарыны бөліп алыңдар, - деп түлкі қашып кетеді. Тарыны тасбақа мен кене бөліп алады.