This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Түлкі, тасбақа һәм кене
B1 - Intermediate · 161 words

Түлкі, тасбақа һәм кене

Audio player
0:00 --:--
Бір уақытта түлкі, тасбақа және кене жолдас болыпты.Олар жолдан бір уыс тары тауып алады. Үшеуі ақылдасып, оны егіп, піскен соң тең бөліп алмақ болады. Алайда жұмыс басталғанда түлкі бір жардың түбіне барып: – Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, - деп жатып алады. Тасбақа жерді тырналап дайындайды, кене тарыны жинап, егуге көмектеседі. Екеуі еңбекпен тарыны өсіреді. Тары піскен соң орып, біраз тары алады. Олар түлкіні шақырады, ол тарыны үшке бөлгісі келмейді: – Үшеуміз жарысайық, кім озса, тарыны сол алсын, - дейді. Үшеуі жарысты бастайды. Түлкі жүгіре бергенде, кене оның башпайына жабысып алады. Қырманға жетіп отыра берген түлкіге кене: – Мені басып өлтіресің бе? - дейді. Түлкі оның қашан келгеніне таң қалады, ал кене жарыс басталғанда-ақ жеткенін айтады. Олар дауласып тұрғанда, беті-аузы қан болған тасбақа келеді. Ол арттарынан екі қара бүркіті және екі тазысы бар екі адам келе жатқанын, әлгі адамдар түлкіні іздегенін айтады. Мұны естіген түлкі қатты қорқып, тарыны тасбақа мен кенеге тең бөліп алуды айтып, өзі қашып кетеді.