This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Түлкі, тасбақа һәм кене
B2 - Upper Intermediate · 203 words

Түлкі, тасбақа һәм кене

Audio player
0:00 --:--
Бір уақытта түлкі, тасбақа және кене үшеуі жолдас болыпты. Бір күні үшеуі келе жатып жерде жатқан бір уыс тарыны көреді. Олар ақылдасып, тарыны егіп, піскен соң бөліп алуға келіседі. Сол кезде түлкі бір жарды көріп: – Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, - деп, жардың астындағы көлеңкеге жатып алады. Тасбақа жерді тырналап, кене тарыны жинап, екеуі егіннің бар жұмысын өздері істейді. Біраз уақыттан кейін тары піседі. Олар оны орып, жинап, бастырғанда, біраз тары шығады. Олар түлкіні шақырып келеді. Түлкі тарыны көріп: – Мұны үшеумізге бөлгенде әрқайсымызға қанша тиеді? Одан да жарысып, кім озса, тарыны сол алсын, - дейді. Үшеуі жарысты бастайды. Түлкі жүгіре жөнелгенде, кене оның аяғына жабысып, бірге кетеді. Түлкі қырманға жетіп, отыра бергенде: – Әй, мені басып өлтіресің бе? - дейді кене. Түлкі таңданып, оның қашан келгенін сұрайды. Кене жарыс басталған сәтте-ақ жетіп қойғанын айтады. Екеуі ұрсысып жатқанда, аузы-мұрны қан болып тасбақа келеді. Ол жолда екі қарагер аты, қара бүркіті және екі тазысы бар екі адамға кездескенін, олардың түлкіні іздеп, айтпағаны үшін өзін ұрғанын айтады. Сондай-ақ олардың осы жаққа келе жатқанын айтады. Мұны естіген түлкі: – Айналайындар, мені айта көрмеңдер. Тарыны екеуің тең бөліп алыңдар, -деп, адамдарға «қайда кеткенін білмейміз» деуді тапсырып, тұра қашады. Тары тасбақа мен кенеге қалады.