This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қыс қамы (Жұмаш айтқанынан)
B1 - Intermediate · 137 words

Қыс қамы (Жұмаш айтқанынан)

Audio player
0:00 --:--
Түн суық болғандықтан, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең төсектен тұрғың келмейді. Апам да суықтан жаурап тұрады, даладан кіргенде мұздап келеді. Отқа алақанын жылыта отырып: – Қыс болса келді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ, - деп қайта-қайта айтады. От әкелген әйелдер де осы жағдай туралы сөйлесті. Апам етік табу қиындау болғанымен, күпі мен шапан сияқты киімдерді бірнеше қызды жинап тіктірсе, тез бітуі мүмкін екенін айтты. Бір күні ол Дәметтің апасын, Мақаштың апасын және көрші ауылдағы бір қызды үйге шақырды. Апам бауырсақ пісіріп, самаурын қойып, қыздарға шай берді. Біраздан соң қыздар мені шақырды да, бір сабақ жіпті Бәтіш жеңгеме апарып беруді тапсырды. Мен жіпті апарғанда, Бәтіш жеңгем маған бір кесе құрт-май салып берді. Үйге әкеліп қыздармен бірге жедік. Кешке таман қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтуға жиналады. Апам олардың бәріне алғыс айтып: – Аяқ-қолдарыңа дерт бермесін, - деп ризашылығын білдірді.