This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Сатемір
B2 - Upper Intermediate · 133 words

Сатемір

Audio player
0:00 --:--
Сатемір жеті жасында анасынан жетім қалады. Бір күні далада ойнап жүріп шаршаған соң, бір ескі үйдің жанында демалып, жан-жағына қарап жатады. Сол кезде ол бір аяғы ақсақ құмырсқаны көреді. Құмырсқа үйдің төбесіне қарай өрмелеп бара жатып, ортасына жеткенде құлап түседі. Бірақ орнынан тұрып, қайта өрмелейді. Бұл жолы жоғарырақ шыққанымен, тағы құлайды. Үшінші рет құмырсқа тағы тырысады. Ақырында бар күшін салып, үйдің төбесіне шығады. Осы көрініс Сатемірді ойға қалдырады. Құмырсқаның бір аяғы ақсақ болса да, әрекетін тоқтатпай, қайта-қайта тырысып, ақырында мақсатына жеткенін байқайды. Сатемір өзіне-өзі: осындай кішкентай жәндік мақсатына жеткенде, менің талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім дұрыс емес, деп ойлайды. Осы шешімнен кейін білім іздеп қалаға кетеді. Қалада бір білімді кісі бар еді. Сатемір сол адамның үйін сыпыруға жалданады. Жұмыс пен оқуды қатар алып жүреді. Ақырында Сатемір данышпан, білімді адам болып, жұртқа танымал болады.