This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
«Соңғы кездесу» (үзінді)
B1 - Intermediate · 121 words

«Соңғы кездесу» (үзінді)

Audio player
0:00 --:--
Жаз бойы күн өте ыстық болды. Ағаш жапырақтары жерге түсіп жатыр. Шығармашылық үйі де көңілсіз көрінеді. Әкім екеуміз сыртта жүргенде, сөмкесін ұстап Кемел аға сыртқа шықты. Ол Балқаш ауданына Бек Тоғысбаевпен бірге бара жатыр екен. Кемел аға біраз ойланып: – Жігіттер, сендерді бірге шақыруға қорқып тұрмын. Ол жердің адамдары таныс емес кісіні үнемі жақсы қарсы алмайды. Сендерді алып барып, кейін ұяламын ба деп ойлаймын, - деді. Біз оны жолға шығарып салдық. Ол сапардан қайтып келгенде көңілсіз еді, бірақ ештеңе айтпады. Бұл оның соңғы сапары болды. Мүмкін, туған елімен қоштасып қайтқан шығар. Кейін екі әйел Кемел ағаны қоларбамен есіктен кіргізді. Жүрегім қатты ауырды. Тек: – Менің бетімді бұрыңдар! деген сөзі және көк аспанға қараған көзі қалды. Сол күні Кемел аға қайтыс болды.