Біз үйде отырған кезде үйдің есігі ашылып, әйел адамның даусы естілді. Ол:
– Сәлеметсіздер ме? Шегебай осы үйде тұра ма? - деп сұрады.
Мен қатты таңғалдым. Шегебай – менің әкем. Таныс емес әйел неге менің әкемді іздеп жүр!?
Бану басқа бөлмеден шығып:
– Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, - деді.
Әйел:
– Кеше жедел жәрдем шақырдыңыздар ғой, бүгін баланың денсаулығын тексеруге келдім, - деді.
Сол кезде бәрін түсіндім. Ол – 6-учаскенің кезекші дәрігері. Дәрігерлер кейде адамды атымен емес, тегімен айтады.
Осыдан кейін тағы бір қызық оқиға еске түсті. Бану мен Айбаршын ауруханада жатқан кезде, оларға әкем екеуміз бардық. Біз далада біраз отырдық. Дәрігер терезеден:
– Шегебай, болды, ішке кіріңіз. Дала суық, - деді.
Әкем дәрігер өзін шақырды деп ойлап, қатты таңғалды. Дәрігер тағы да қайталады.
Дәрігер қызым мен әйелімді шақырды, әкемді емес. Бұл кейде адамдарды шатастырады.
Сондықтан мен Бауыржанның үлгісімен «-ова», «-ева» емес, «ұлы», «қызы» дегенді қолданған дұрыс деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар?