This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
«Шегебай бар ма?»
B2 - Upper Intermediate · 168 words

«Шегебай бар ма?»

Audio player
0:00 --:--
Үйде отырғанбыз. Үйдің есігі ашылып, «Сәлеметсіздер ме?» деген әйел даусы естілді. Біз жауап беріп үлгермей жатып, ол: – Шегебай осы үйде тұра ма? - деп сұрады. Мен таңғалып қалдым. Шегебай – менің әкем. Таныс емес әйел әкемді сұраған соң, оның не үшін келгенін ойлай бастадым. Бану басқа бөлмеден шығып: – Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, - деді. Әйел: – Кеше жедел жәрдем шақырдыңыздар ғой, бүгін баланың денсаулығын тексеруге келдім, - дегенде ғана бәрін түсіндім. Ол – 6-учаскенің кезекші дәрігері. Дәрігерлер науқасты кейде атымен емес, тегімен атайды. Егер ол «Айбаршын» десе, ешкім шатаспас еді. Осыдан кейін бұрынғы бір қызық оқиға есіме түсті. Бану мен Айбаршын ауруханада жатқанда, мен әкеммен бірге оларды көруге барғанмын. Біз далада біраз отырдық. Бір кезде дәрігер терезеден басын шығарып: – Шегебай, болды, ішке кіріңіз. Дала суық, – деді. Әкем өз атын естіп, не болғанын бірден түсінбеді. Осындай жағдайда адамның тегін атағанда, оны басқа адам өз аты деп түсінуі мүмкін. Сондықтан мен Бауыржанның үлгісімен «-ова», «-ева» емес, «ұлы», «қызы» дегенді қолданған дұрыс деп ойлаймын. Қалай ойлайсыздар?