This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Үшінші әлемнің тұрғыны
B2 - Upper Intermediate · 155 words

Үшінші әлемнің тұрғыны

Audio player
0:00 --:--
Мен басқа бір әлемге келгенімді анық сездім. Ең алдымен артта қалған Жер туралы ойладым. Жерге деген сағыныш пайда болды. Жерде қалған жоспарларымның орындалмайтынын ойлап, көңілім түсті. Бүгін Жерде сайлау өтуі тиіс еді. Мен сол сайлауда жалғыз үміткер болатынмын. Біз оған көп дайындық жүргізгенбіз. Көп жұмыс істеп, еңбегіміздің нәтижесін көреміз деп ойлағанбыз. Менің аяқ астынан жоғалып кеткеніме бәрі таңғалып жатқан шығар. Маған бұл арнайы жасалған сияқты көрінді. Бізге қарсы адамдар өз мақсаттарына жету үшін бәрін істеуі мүмкін. Бірақ мені неге осында ұстап отыр? Егер мені жоқ қылғысы келсе, неге осында әкелді? Осыны түсіне алмадым. Бәрін қойып, Жерді сағына бастадым. Дос түгілі дұшпаным да алдымнан шықса, құшақтасып амандасуға дайын едім. Көзіме жас келді. Достарым маған ұзақ уақыт сенді. Мені үлкен сайлауға үміткер етті. Енді мен жоқпын. Олар мұны сатқындық деп ойлауы да мүмкін. Қанша ойласам да, бір шешімге келе алмадым. Мен қайтадан Жер мен сайлау туралы ойладым. «Жерге міндетті түрде қайта ораламын», – деп өзіме қайталап айттым.