This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Жар таңдау
B1 - Intermediate · 129 words

Жар таңдау

Audio player
0:00 --:--
Бұрын біздің елде бір ақылды жігіт болған. Оның аты – Таңатар. Ол үйленбеген. Бір күні енді үйлену керек деп шешеді. Таңатар ауылдарды аралап жүріп, бір үйге келеді. Үйдің екі қызы бар. Үлкені 25 жаста, кішісі 20 жаста. Екеуі де ақылды әрі тәрбиелі. Кіші қыз үлкенінен сұлулау, бойы да ұзындау. Таңатар кіші қызды ұнатып, оған үйленгісі келеді. Бірақ қазақ дәстүрінде әпкесі тұрғанда сіңлісі бірінші тұрмысқа шықпайды. Олар да осы дәстүрді сақтағысы келеді. Сонда Таңатар:– Екі қыз екі шәйнекке бірдей су құйсын. Екі шәйнекті бір уақытта отқа қойсын. Қай қыздың шәйнегі бұрын қайнаса, сол қызға үйленемін. Үлкен қыз бірінші тұрмысқа шыққысы келеді. Сондықтан шәйнегін қайта-қайта ашып қарайды. Кіші қыз әпкесінің бірінші тұрмысқа шығуы дұрыс деп өз шәйнегін ашпайды. Бірақ кіші қыздың шәйнегі бірінші қайнайды. Соңында Таңатар кіші қызға үйленіп, мақсатына жетеді.