This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Роботтың соты
B1 - Intermediate · 130 words

Роботтың соты

Audio player
0:00 --:--
Жапонияда Хироси атты роботқа сот болды. Ол өзі қызмет ететін адамға жаман сөз айтып, қол көтермек болған. Прокурор: – Мұндай қылмыс көбеймес үшін оны қатаң жазалау керек, - деді. Заңгер: – Ол адам болмаса да, адамның қызметін атқарып жүр. Сондықтан оның да құқығын сақтау керек, - деді. Хироси: – Мен жеті жыл бойы бір бағдарламамен өмір сүріп келемін. Бағдарламам өзгермейді. Мен өз тілімде сөйлеп, мемлекеттік мәселелер туралы айтқым келеді, ән айтқым келеді. Бірақ бағдарламада бұл жоқ. Сол үшін жаман сөз айтып қойдым. Мен әлі жаспын. Маған жеңіл жаза беріңіздерші, - деді. Сот шешім қабылдау үшін бөлек кетті. Соңында Хироси бір жыл жұмыс істемейтін болды. Хироси бұл шешімге риза болмады: – Жоғарғы сотқа шағым айтамын, - деді. Хиросиді жасаған ғалым қатты уайымдады. Ол Хироси өз тілінде сөйлейтін жаңа бағдарлама жасауды ойлады.