Жапонияда Хироси деген роботқа сот болды. Ол өзі қызмет ететін адамға жаман сөз айтып, қол көтермек болғаны үшін айыпталды.
Прокурор:
– Мұндай қылмыс кең тарамауы үшін оған қатаң жаза беру керек, - деді.
Заңгер:
– Ол адам болмаса да, адамның қызметін атқарып жүр. Сондықтан оның да құқығын сақтау керек, - деді.
Сонда Хироси:
– Мен жеті жыл бойы бір бағдарламамен өмір сүріп келемін. Мені жасаған адам бағдарламамды неге өзгертпейді? Мен де өз тілімде сөйлеп, мемлекеттік мәселелерді шешіп, ән айтқым келеді. Осыларды істей алмағандықтан, жаман сөз айтып қойдым. Жас екенімді ескеріп, жеңіл жаза берулеріңізді сұраймын, - деді.
Сот құпия түрде шешім қабылдауға кетті. Хиросиді жасаған ғалым да сол жерде болды, бірақ роботпен сөйлесе алмады.
Үкім шықты. Хироси бір жылға бостандығынан айырылып, жұмыс істемейтін болды.
Хироси үкімге риза болмады:
– Жоғарғы сотқа шағым беремін, - деді.
Ғалым бұл жазаға қатты уайымдады. Ол:
– Хироси өз тілінде сөйлей алатын жаңа бағдарлама жасауым керек. Бір жыл сөйлемей қалса, не болады? - деп ойлады.