This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Құмырсқалар
B1 - Intermediate · 93 words

Құмырсқалар

Audio player
0:00 --:--
Шәріп шалдың бір құмыра балы бар еді. Ол құмыраны үйдің бір бөлмесінде сақтайтын. Бір күні құмырсқалардың бал жеп жатқанын көрді. Құмырсқалар көп болғандықтан, олар барлық балды жеп қоюы мүмкін. Құмырсқалар тұратын жерді табу да оңай емес еді. Сондықтан Шәріп құмыраны жіппен төбеге ілді. Бірақ ішінде бір құмырсқа қалды. Құмырсқа илеуіне қайтатын жолды іздеді. Ол жіппен төбеге шықты, төбеден қабырғаға, қабырғадан жерге түсті. Бірнеше күннен кейін Шәріп құмырсқалардың осы жолмен құмыраға кіріп жатқанын көрді. Құмырада бал қалмады. Құмырсқалар бәрін жеп қойды. Шәріп бір құмырсқаның басқаларына жол көрсеткенін білмеді. Ол құмырсқаның да ақылды екенін түсінбеді.